• Басты
  • Талдықорғанға табиғи газ сәуірде келеді
13 Сәуір, 2017 15:43

Талдықорғанға табиғи газ сәуірде келеді

Облысты газдандыру мәселесі өңір басшысы Амандық Баталовтың қатаң бақылауында. Оның ішінде Талдықорған қаласына газ жеткізуге ерекше назар аударылып отыр. Осыған дейін талдықорғандықтардың үйіне газ мамыр айында жеткізіледі деп жоспарланса, енді қалаға көгілдір отын одан сәл ертерек, яғни сәуір айының соңына қарай әкелінетін болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорғанға табиғи газ сәуірде келеді | Strategy2050.kz

Осы және өзге де мәселелер облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «Жетісу ОблГаз», «Интергаз Центральная Азия» АҚ, «МБК Құрылыс» сияқты компаниялардың және басқа да тиісті басқармалар мен қызметтер өкілдерінің қатысуымен өткен жиында талқыланды.

Қаланы газдандыру жұмыстарының барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов хабарлады.

Оның айтуынша, Талдықорғандағы құны 23,4 млрд. теңге болатын  газ тарту жүйелерінің құрылысы 2016 жылдан жүргізіле бастаған. Жоба 4 кезеңге бөлінген, жалпы ұзындығы – 1,4 мың шақырым, 170 мың адамды, яғни 51 мың абонентті қамтиды деп жоспарланған. Магистралды газ құбыры мен «Талдықорған» АГТС-ты іске қосу жұмысы сәуірдің аяғында аяқталады. Облыстық бюджет есебінен газ тарату желісінің жалпы құны 4,5 млрд. теңге болатын бірінші кезеңінің құрылысы жүзеге асырылуда, бұл – 6 іске қосу кешені деген сөз.

Өткен жылы 2,05 млрд. теңге игеріліп, 1, 2, 3 іске қосу кешендері салынып, 82,2 шақырым жүйе тартылған (100 %). Көгілдір отынды алғашқылардың бірі болып сәуірдің соңында Ескелді би, Балпық би, Абылай хан, Тынышпаев көшелерінде және «Қаратал» шағын ауданында тұратын 2, 3 іске қосу кешендерінің  абоненттері тұтынатын болады.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасовтың айтуынша, Талдықорғанда газ құбырын іске қосу мен абоненттерді техникалық шарттарын бере отырып қосумен айналысатын «Талдықорған газ шаруашылығы» құрылған. Қазіргі кезде тарифті және қосылу құнын айқындау мәселесі қарастырылуда.

Осы орайда облыс әкімінің орынбасары А. Байжанов халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына газ қостыру құнын 3-6 айға бөліп төлеу жеңілдіктері қарастырылғанын айтты.  

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласын газдандыру тарихи оқиға екенін жеткізді. Сондықтан белгіленген мерзімге дейін тариф мәселесін айқындап, халық арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды.

«Талдықорғанға көгілдір отын жеткізу – мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан аса маңызды шара. Сондықтан барлық жұмыс сапалы әрі дер шағында орындалуы тиіс. Оның ішінде қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аудару қажет», - деп атап өтті А. Баталов.

Сонымен қатар мердігер мекемелердің газдандыруға қатысты тиісті жұмыстарын атқарып болғанына қарай халыққа қолайсыздық туғызбау үшін жол жиектерін де бірден қалыпқа келтіріп отыруды тапсырды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды