Жамбылдағы балық зауыты балық котлеттерін экспортқа шығаруда

13 Сәуір, 2017 14:32
Жамбыл облысында орналасқан «Мыңарал балық зауыты» балық чипстері мен котлеттерін экспортқа шығаруда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«2014 жылы іске қосылған кәсіпорын жылына 1.5 мың тонна балық өндіруге қауқарлы. Құны 600 миллион теңгені құрайтын  іргелі кәсіпорында бүгінгі күні жетпіске тарта адам тынбай еңбек етуде», - делінген хабарламада.

Олардың басым көпшілігі жергілікті жердің тұрғындары.  

Былтыр кәсіпорын  615,7 тонна балық өнімдерін өндірсе,  2017 жылдың екі айында он алты миллион теңгенің өнімін  өндіріпті.

 

 

 

Барлық жаңалықтар