- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Азия мемлекеттік басқару қауымдастығының конференциясы өтуде (ФОТО)
Астанада Азия мемлекеттік басқару қауымдастығының конференциясы өтуде (ФОТО)
Азиялық мемлекеттердің ғалымдары мен іскер адамдар мемлекеттік басқаруды дамыту мәселелері мен жаңа инновациялық әдістерді талқылауда.
Хабтың басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменов атап өткендей, аталмыш конференция Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және бұл айшықты оқиға Хабтың географиясының кеңейіп, серіктестіктің және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің өсіп жатқанын білдіреді.
«АМБҚ мен хаб аймақтық және аймақаралық әріптестікке оң әсерін тигізетін платформа болып табылады», – деді Ә. Байменов.
Өз кезегінде Пан Сук Ким, аталмыш алаң «ғылыми қызмет үшін байланыс орнатуда, әріптестікті одан ары дамытуда үлкен мүмкіндіктер береді», деп атап өтті.
«Мұндай әріптестік Азияда және күллі әлемд мемлекеттік басқару саласында жаңа кәсіби қарым қатынастардың дамуына септігін тигізетін болады», – деді Пан Сук Ким.
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб осы аймақтағы мемлекеттердің мемлекеттік басқару саласында үздіксіз өзара тәжірибе алмасу институты болып табылады. Бүгінде Солтүстік Америка мен Еуропа, Кавказ, Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия елдерін қоса есептегенде Хабқа 36 мемлекет қатысады. Ал, АМБҚ мен Мемлекеттік басқару бойынша америкалық қоғамды (ASPA),Сингапурдағы мемқызметті жетілдіру бойынша БҰҰ ДМ Жаһандық орталығы мен Қытай мемлекеттік басқару академиясын Хабтың 30-дан астам тұрақты халықаралық әріптестері бар.
Қайрат Жандыбаев
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді