- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкенттіктер ҚР Президентінің қоғамды рухани жаңғырту идеясын қолдайды
Шымкенттіктер ҚР Президентінің қоғамды рухани жаңғырту идеясын қолдайды
Бұл бастаманы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада айтты.
Шара барысында аймақ басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағыт: Рухани жаңғыру» мақаласы туралы сөз қозғап, ондағы идеялардың мәңгілік ел мұратына жетудегі нақты, айқын қадамдары екенін айшықтады.
«Президент мақаланың кіріспе бөлімінде қазақстандықтарға осы жылдың басында мемлекеттің үшінші жаңғыруының басталғанын еске салды. Жаңғырудың мақсаты - Қазақстанның алғашқы 30 дамыған мемлекеттердің қатарына кіруі. Елбасының айтуынша, аталған мақсатқа қол жеткізу үшін жеке адамдардың ғана емес, бүкіл елдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру қажет. Ол қазақстандықтарды ескі әдеттер мен ережелерден бас тартып, прагматик болуға шақырады. Себебі, бұл өзгеріс мемлекеттің модернизациясына үлкен үлес қосады»,-деді әкім.
Ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толу мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның алғашқы бастамасы екенін айтқан облыс әкімі басқосуға өңірімізге еңбегі сіңген, республикаға белгілі, әр салада ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардагерлер келіп отырғанын атап өтті. Сонымен бірге, бүгінгі Елбасының ой толғанысын абыз ақсақалдардың арасында талқылап, оны келешек ұрпаққа ұғындыруда қазыналы қарияларға артылар жүктің басым екенін жеткізді.
«Халықты толғандырып жүрген мәселелерінің барлығы осы көлемді мақалада орын тапқан. Сіздердің өмірден алған үлкен тәжірибелеріңізді ескере отырып, Мемлекет басшысының осынау рухани жаңғыру туралы мақаласын басшылыққа алу арқылы қоғамға жетуін қолға алсаңыздар деген тілегім бар. Облысымыздың экономикасын, мәдениеті мен білімін әрмен қарай дамытуда осы мақала қажетті бағыт-бағдар беретін болады»,-деді Ж.Түймебаев.
Айта кетсек, бұл мақалада ұлттық менталитетімізге зиян келтірмей, өзіндік сана-сезім шекарасын кеңейту қажет екені айтылады. Бұл, ең алдымен, халқымызға тән білімге деген құштарлық.
Сондай-ақ, Елбасы тарихи оқиғалардан оңтайлы сабақ алудың маңыздылығын атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі