- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана ЭКСПО-2017» және «ҚазАгро» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Астана ЭКСПО-2017» және «ҚазАгро» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Шорманов Ербол мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Омаров Тобылбек арасында қол қойылған құжат ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу және дайындық аясындағы екі тараптың өзара әріптестік іс-қимылын болжайды.
Бұдан басқа, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «ҚазАгро» холдингіне корпоративтік павильон аумағында көрме стендін орналастыру үшін орын бөліп берді. «ҚазАгро» холдингінің экспозициясы шеңберінде көрмеге келушілер үшін ауылшаруашылық бизнесін жүргізудің тәсілдерін көрсетіп, республикадағы аграрлық өндірістің перспективалары мен жетістіктерін таныстыру жоспарланады. Осының бәрі Қазақстан халқының салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен үйлесім табады.
Сонымен бірге, ЭКСПО өткізілетін күндері «ҚазАгро» көрме алаңында Халықаралық инвестициялық бизнес-форум өткізуді жоспарлайды, оның шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі, отандық өнім экспорты және республиканың АӨК-не инвестициялар тарту мәселелері талқыланатын болады.
Қол қою рәсімінде «ҚазАгро» холдингінің Басқарушы директоры Тобылбек Омаров ЭКСПО-ны Қазақстанда өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті және халықаралық мағынадағы осы орасан зор іс-шараның жоғары деңгейде өткізілетініне сенімін білдірді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар