- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Сенаторлары қаржы пирамидалары, архитектура, агроөнеркәсіптік кешен және өзге де салалар бойынша заң жобаларын қарады
ҚР Сенаторлары қаржы пирамидалары, архитектура, агроөнеркәсіптік кешен және өзге де салалар бойынша заң жобаларын қарады
«Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы Қазақстан Республикасының аумағында қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметінің жолын кесу және оған тыйым салу жөніндегі шаралар кешенін қарастырады», - делінген хабардамада.
Заң жобасының ережелерінде қаржылық (инвестициялық) пирамидаларын құру және (немесе) олардың қызметіне басшылық етуге қылмыстық жауаптылық, қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметін жарнамалауға әкімшілік жауаптылық көзделіп отыр. Еліміздің «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» заңдарына қаржылық (инвестициялық) пирамидаларының қызметін жарнамалауға тыйым салу туралы тиісті түзетулер енгізілетін болады. Заң жобасын қабылдау азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мүдделерінің қорғалуына, сондай-ақ қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ комитеттің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да екінші оқылымда қаралды.
Заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік органдардың аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталмаған жекелеген міндеттерін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде заңнамалық актілер қатарынан алып тастау арқылы мемлекеттік органдардың міндеттері мен өкілеттіктерін дәл ажырату болып табылады. Сонымен бірге, алынып тасталған мемлекеттік органның құзіреті шегіндегі жүзеге асыратын міндеттері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер деңгейінде қарастырылады. Заң жобасынан негізгі болып табылмайтын қызметтер алынып тасталады. Оларға консультативтік-ақылдастық органдарды құру немесе сарапшылар мен консультанттарды және басқаларды тарту қызметі жатады. Құжатта сондай-ақ «ішкі» рәсімдері мәселелеріне байланысты мемлекеттік органдардың жекелеген міндеттері: кадрлар, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ұйымдарға бағынышты мекемелер қызметін ұйымдастыру және басқа да мәселелерді заңнамалық актілерден алып тастау ұсынылып отыр.
Комитет отырысында кейбір заңнамалық актілерге атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарады. Заң жобасы атқарушылық іс жүргізуді саласындағы заңнаманы жетілдіруді мақсат етеді.
Сенат отырысында сенаторлар Қуаныш Айтаханов, Ертарғын Астаев пен Сергей Кулагиндердің депутаттық сауалдары тыңдалды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы