- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс көлік мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдап, Сенатқа жолдады
Мәжіліс көлік мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдап, Сенатқа жолдады
Онда Парламент депутаттары әзірлеген көлік мәселелері бойынша түзетулер әуелі бірінші оқылымда, кейіннен депутаттар ұсынысымен екінші оқылымда қаралып, мақұлданды. Заң жобасында сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес келтіру ұсынылған.
Шағын көлемді кемелерді есепке алу және тіркеуге байланысты мемлекеттік жүйені жетілдіруге, рельстік көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса назар аударылған. Қазіргі таңда метрополитендегі қозғалыстың қауіпсіздігін және техникалық құралдардың жай-күйін бақылау жергілікті атқарушы органға бекітілген, ал қалалық басқа рельстік көлік түрлеріне қатысты бақылау жоқ.
Салдарынан 2015 жылы Алматы қаласында басқарылмайтын трамвай 14 автокөлікке залал тигізген. Құжат теміржол саласындағы тармақ иеленуші мен кірме жолдар тұтынушылары ара қатынастарын реттеуді көздейді. Қолданыстағы заңда теміржол көлігіндегі вагондарды беру-әкету жөніндегі операция процесінің егжей-тегжей мәні толық ашылмаған.
Жалпы отырыста «Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да депутаттар тарапынан қолдауға ие болды. Келісімнің негізгі мақсаты - Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, техника, технология саласында ғылыми ынтымақтастықты дамыту және оны жүзеге асыру бағытындағы қарым-қатынасқа құқық тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер ашып, өрісін кеңітіп, бекіту.
Осы күні сондай-ақ, қорғаныс және әскери қызмет, сонымен бірге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша түзетулерге арналған заң жобалары екінші оқылымда мақұлданды. Және Мәжіліс дипломатиялық қызметке қатысты заң жобасын жұмысқа қабылдады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері