- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық оқушылар «ақылды» жобаларын таныстырды (ФОТО)
Астаналық оқушылар «ақылды» жобаларын таныстырды (ФОТО)
«Біздің мектеп жаратылыстану математика бағыты бойынша жұмыс істейді. Аталмыш бағыт топтамаларға бөлінеді. Оқушылар қызығушылықтарына орай химия, математика, физика және биология топтарына бөлінген. Информатика 5-сыныптан бастап бар. Оқытушылар аталмыш пән бойынша факультативтік сабақтар дайындайды»,- деді ол.
А.Дүйсенованың айтуынша, 5-сыныптан бастап ақпараттық технологияларды меңгертуге іріктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бізге ақпараттық технологиялар не береді? Біздің балалар мектеп бітірген соң ЖОО-ларға түседі. Олар республикалық деңгейдегі байқауларда жүлделі орынға ие болады. 2016-2017 жылдары біз аудандық байқауда 7 жүлделі орын, 2 қалалық және 1 республикалық деңгейде марапатталдық. Ақпараттық-технологиялық сынып әртүрлі байқауларға қатысып қана қоймай, «Цифрлық бум» атты халықаралық байқауға да қатысты, биыл олар 16 жүлделі орынға ие болды», - деді ол.
Өткен жылдың қыркүйегінен бастап робототехника пәні енгізілді. «Қадам» академиясымен бірігіп қолөнер курстары мен бағдарламалары әзірленуде.
«Мәселен, біздің оқушымызда «Қаладағы робототехника және қауіпсіздік» атты арнайы жоба бар. Ол жобаны республикалық олимпиадада таныстырып, 3-ші орын алды», - деді директоры.
Жалпы, пән шығармашылық әлеуетті арттырып, ғылыми-техникалық бағытты дамытады.
Ақбота Күзекбай
Фото:Бауыржан Жуасбаев
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Вакциналау кестесі сақталмаған өңірлер, төсек-орын жетіспеушілігі және оқушылар арасындағы КВИ -
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын кімдер және қалай жүргізеді -
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды -
Шынар Мұратова, мұғалім: Онлайн оқу оқушыларды жауаптылыққа үйретті -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды -
Жаңа оқу жылы: Оқушылар қандай платформада білім алады