- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан нарықтарында «Made in Beskaragay» маркалы ауыл шаруашылығы өнімі пайда болады
Қазақстан нарықтарында «Made in Beskaragay» маркалы ауыл шаруашылығы өнімі пайда болады
2016 жылы Бесқарағай ауданы 15 млрд 992,7 млн теңгеге ауыл шаруашылығы өнімінің рекордтық санын ала отырып, жоспарды 121% асыра орындаған.
Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Рахметуллин ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында атап өткендей, мұндай жоғары көрсеткіштерге жаңа технологияларды енгізуге қорықпайтын және инвестициялар тартуды қолдайтын тұрғындардың еңбексүйгіштігінің арқасында қол жеткізіліп отыр.
«Бізде әрбір тұрғынға бір жарым тонна астықтан келеді. Біз агросекторды дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз: сүт-тауар фермаларын ашамыз, агроқұрылымдарды тартамыз, техниканы жаңартамыз», – деді Е. Рахметуллин.
Бесқарағай ауданының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға инвестициялар едәуір үлес қосады.
«Ірі әріптестердің бірі «LONG XIN» ЖШС халықаралық компаниясы «Алтай Агро Инвест-2015» форумында жасалған меморандум аясында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу зауытының құрылысына 5,4 млрд теңге салды», – деп атап өтті спикер.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы жаңа кезең «Made in Beskaragay» сауда маркасымен өнім өндіру болмақ. Ауданның шаруа қожалықтары мен басшылығы Қазақстан өңірлері мен көрші елдердің өткізу нарықтары үшін бағдарларды реттеуде. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ең үздік экологиялық таза тауарлар ұсынылып, олардың сапасын отандық және шетелдік өндірушілер бағалайтын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар