- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин ГФР-дың парламенттік тобын қабылдады
Н.Нығматулин ГФР-дың парламенттік тобын қабылдады
Мәжілістен хабарлағандай, әріптестерін Германияның жаңа Президенті Штайнмайер мырзаның сайлануымен құттықтаған Мәжіліс Төрағасы оның жаңа қызметте қазақстандық-германдық қатынасты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Н. Нығматулин атап өткендей, Германия Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды сыртқы саяси және экономикалық әріптесі.
«Биыл екі ел арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде барлық салада өзара қарым-қатынас айтарлықтай жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы Берлинге ресми сапары қазақстандық-германиялық байланысты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерді», - деді Мәжіліс төрағасы.
Өткен жылы қос мемлекет арасындағы сыртқы сауда айналымы 1.7млрд АҚШ долларын құрады, бүгінгі күні елімізде 700 ден астам германиялық кәсіпорындар табысты жұмыс атқарып келеді.
Мәжіліс Спикері делегация өкілдерін ағылшындық құқық жүйесіне негізделген «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру және дамыту үшін қарқынды жұмыс атқарылып жатқандығынан хабардар етті.
Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы 2015 жылы Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғашқы болып Еуропалық Одақпен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойғанын айта келіп, құжаттың Бундестаг тарапынан тезірек ратификациялануына сенім білдірді.
Бұдан басқа, ол меймандарды елімізде жүргізіліген конституциялық реформа төңірегінде толыққанды хабардар етті.
Өз кезегінде Манфред Грунд экономикалық құрылым және әлеуметтік жүйе орната отырып, демократиялық жолмен өркендеу Қазақстанның өзгеге ұқсамайтын ерекше даму жолы екенін және оның жылдан жылға табысты жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті.
-
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Жаңа әліпби: «Бұл әліпбиді орфографиялық жұмыс тобының 95%-ы қолдады» -
Парламенттік сайлау – 2021: 6 саяси партияның дайындығы қалай -
Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады -
М.Әшімбаев: Парламент өткен сессияда 98 заң қабылдады
-
Тоқаев бейнебайланыс арқылы Тимур Құлыбаевты қабылдады -
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады -
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады -
Сенаторлар парламенттік оппозиция мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады -
Қ.Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады -
Қ.Тоқаев Наталья Годунованы қабылдады -
Сенаторлар парламенттік оппозиция мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерді талқылайды