• Басты
  • Дуалды білім беру жүйесінде елордалық студенттер қалай тәжірибеден өтуде? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Дуалды білім беру жүйесінде елордалық студенттер қалай тәжірибеден өтуде? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

12 Сәуір, 2017 19:08
Бүгінгі таңда студенттердің білім алуының 60%-ы өндіріспен байланысты болатындықтан дуалды білім беру жоғары деңгейде жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді. Дуалды білім беру жүйесі – әлем бойынша кәсіби-техникалық кадрларды дайындаудың ең тиімді үлгісі. Бүгінде Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжі дуалды білім беру жүйесі бойынша жұмыс істейтін еліміздегі алғашқы білім беру мекемесі болып табылады. Іргелі оқу орны бұл принціп бойынша осымен 5 жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Аталмыш білім беру үлгісінің пайдасы жайлы колледж өкілдері Астана мектептері мен колледждерінің кәсіби-бейімделген жұмысына арналған баспасөз-турында кеңінен айтып берді.

Мысалы, Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжінің студенттері «Қамқор-Локомотив»ЖШС-да тәжірибеден өтеді. Олар дипломдық және курстық жұмыстардың тақырыбы бойынша өндірістік процесті, құрал-жабдықтарды игереді және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз жұмысын тыңғылықты атқарған студенттерге сәйкесінше біліктілік санаты (разряд, класс, санат) беріледі.

Көлік және коммуникация колледжінің директоры Зулбухар Гаипов атап өткендей, бүгінгі таңда дуалды білім беру өндіріспен қатар жастардың мансаптық өсуіне де оң әсерін тигізеді.

«Дуалды білім беру жүйесінің артықшылығына тоқталатын болсақ, біріншіден еш қиындықсыз жұмысқа орналасу мүмкіндігі, екіншіден студенттер 60/40 бойынша білім алады. Яғни, студенттер 60% өндірісте тәжірибеден өтеді, ал 40%  теорияны меңгереді. Көлік және коммуникация колледжі елімізде алғашқылардың бірі болып дуалды білім беру жүйесіне көшті, ол 2012 жылы дуалды білім беру бойынша Қазақстан темір жолы, Білім және ғылым министрлігі және колледж тараптары арасында үш жақты келісімге отырды», - деді колледж директоры.

Оның мәліметі бойынша, аталмыш оқу орнын осы уақыт аралығында дуалды білім беру жүйесі аясында 280-нен түлек тәмәмдады. Бүгінде олардың басым бөлігі ҚТЖ жүйкесінде табысты жұмыс істеп келеді.

«Дуалды білім берудің тағы бір артықшылығы студенттер тәжірибеден өту барысында жұмыс процесіне жылдам бейімделеді.  Елбасының өзі айтқандай біз жоғарғы оқу орнының қабырғасында студенттерді 4 жыл оқытамыз, кейін жұмысқа орналасқан кезде тағы да оқытамыз. Ал, дуалды білім беру жүйесінде бұл жоқ, яғни біз дайын маманды жұмысқа аламыз.  Қазіргі таңда біз жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын үйретудеміз. Бұдан басқа, біздің әлеуметтік серіктестеріміздің бірі Қамқор Менеджмент холдингі тәжірибеден өтудің үлкен базасын ұсынып отыр», - деп толықтырды З. Гаипов.

Бұдан басқа, аталмыш колледждің оқытушысы Орал Қалиев хабарлағандай, дуалды білім беру жүйесі бойынша ағымадағы жылы 178 түлек оқуын тәмәмдайды.  

«Бұл жүйе түлектерге жұмысқа бірден үйренісуге көмектеседі. Олар бізде бар мамандықтардың барлығын игереді», - деп ағынан жарылды О. Қалиев.

Колледж болашақта электровоз машинистінің көмекшісі мамандығын ашпақшы.

«Жыл сайын біздің маман бойынша 48  студент оқуын тәмәмдайды, ал колледждегі бар төрт мамандық бойынша есептейтін болсақ сырттай оқитындармен қоса ағымдағы жылы 178 түлек қолына дипломын алады. Өткен жылы жүзге жуық студент шығарылды», - деп атап өтті ол.

 «ҚамҚор Локомотив»ЖШС-ның  инженер-технологы жас маман, әрі колледж түлегі Саят Сакеев дуалды білім беру жүйесі бойынша білім алатын жас студенттерге өндірістік тәжірибеден жиі өтуге кеңес береді.

«Мен Көлік және коммуникация колледжін электромеханик мамандығы бойынша бітірдім. 2 және 3 курстарда электрдәнекерлеуші машықтығын алдым. Ал, төртінші курста біз тәжірибеден өтіп, машинист көмекшісі ретінде болдық. Бастапқыда үшінші санаттағы дәнекерлеуші болып жұмыс істедім. Тәжірибеден өткеннен кейін осында қалуды ұйғардым, енді міне электровоздарға қызмет көрсету және жөндеу саласында инженер-технолог болым жұмыс істеймін. Біздің колледжді аяқтаған студенттердің басым бөлігі осында жұмысқа орналасады», - деді С. Сакеев.

 «Қамқор Локомотив» ЖШС көптеген электровоз түрлеріне қызмет көрсетеді. Атап айтар болсақ, ВЛ80С, Тальгоның жоғары жылдамдықтағы жолаушылар пойызы, америкалық және қазақстандық құрастырылымдағы Evolution тепловоздары.

Айта кетерлік жайт, Астана қаласында 1048 студент пен 75 әлеуметтік әріптесті қамтитын 21  мамандық бойынша 18 колледжге дуалды білім беру жүйесінің элементтері енгізілуде. Ал, 2020 жылға қарай елордадағы барлық колледждер дуалды білім беру жүйесіне жүз пайыз көшіріледі.

Ақбота Күзекбай 

Барлық жаңалықтар