- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның мемлекеттік архивтері 23 млн парақты цифрландырды
Қазақстанның мемлекеттік архивтері 23 млн парақты цифрландырды
«Мемлекеттік архивтер жыл сайын әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 300 мыңнан аса өтінішті, 32 мың тақырыптық және генеалогиялық өтінішті орындайды» - деп атап өтті А. Мұстафина.
Қазақстан архивтерінде мемлекетіміздің тарихы төңірегіндегі түрлі дақпырттар мен бұрмалаудың алдын алуға мүмкіндік беретін бірегей материалдар жинақталған. Қазіргі таңда құжаттар түпнұсқасымен оқырмандар залдарында, құжаттамалық көрмелерде танысуға мүмкіндік бар, соңғы бес жылда 200 архивтік құжаттардың жинақтары жарық көрді.
Сондай-ақ, республикамыздың мемлекеттік архивтері құжаттамалық материалдарды сандық форматқа аудару бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Барлығы 200 мыңнан аса сақталған бірліктер сандық форматқа өтті, бұл шамамен 23 млн. парақтар. Бұл саладағы көшбасшы ұйым Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архиві болып табылады. Ұйымда 56 мыңнан аса фото және фоноқұжаттарға электрондық форматта қол жеткізуге болады (архивтік қордың аудиовизуалдық құжаттарының электрондық базасы архив сайтында).
Брифингте айтылып өткендей, ағымдағы жылы «Электрондық құжаттар қоймасы» сервистік бағдарламалық өнімін жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды. Ол архивтерді электрондық Үкімет жүйесіне мемлекеттік тетік элементтерінің бірі ретінде ендіру мақсатында электрондық құжаттарды электрондық құжат айналыс жүйесінен ұйымның ведомствалық архивіне өткізу барысын толық автоматтандырылуын қамтамасыз етеді.
Тарихи естеліктерді сақтап, тұрақты түрде толықтырып отыратын архивтер қазіргі ғана емес, болашақ қазақстандық ұрпаққа қызмет етеді. Ұзақмерзімді сақтаудың басты мақсаты Ұлттық архив қорын заманауи талаптарға жауап беретін ақпараттық жүйеге айналдыру заңды құбылыс. Аталмыш кезеңдегі басым бағыт Қазақстан Республикасында құрылатын бірыңғай ақпараттық кеңістік талаптарына жауап бере алатын архивтік ақпараттық технологиялар арқылы ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу және тапсыру процесстерін автоматтандыру болып табылады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды