- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша заң жобасы таныстырылды
Мәжілісте азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша заң жобасы таныстырылды
ҚР ЕХӘҚМ басшысы жоғарыда аталған заң жобасында:
- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақылардың мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттыру;
- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының көлемін 20%-ға өсіру;
- жұмыс берушінің 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын енгізудің қарастырылған мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделгенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен төленетін зейнетақылардың мөлшері кезең-кезеңімен арттырылады. Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға өскенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға өскенін ескере отырып, тағы 13%-ға артатын болады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 шілдедеден бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылғы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға дейін көбеюін қамтамасыз етеміз. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды», - деді Тамара Дүйсенова.
Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескергенде) 2016 жылғы 37 789 теңгеден 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 45 711 теңгеге дейін ұлғаяды. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қоса есептегенде) 55 117 теңгеден 66 676 теңгеге дейін артады.
«Келесі рет зейнетақы 2018 жылдың 1 шілдесінен көтеріліп, базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруіне байланысты болады. Жаңа әдіске сәйкес, ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады, бұл ретте 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының кезеңі ескеріледі», - деп жеткізді Тамара Дүйсенова.
Осы орайда, министр, базалық зейнетақы барлық зейнеткер үшін қайта есептелетінін келтірді. Оларға қандай да бір қосымша құжаттарды жинаудың қажеті жоқ. Себебі 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі туралы ақпарат іс құжаттарында шоғырланған, ал аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мағлұмат ҚР ЕХӘҚМ Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Бірыңғай есептік ақпараттық базасынан беріледі.
Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесінің өзгеруін және ағымдағы жылы зейнетақылар мөлшерінің 20 пайызға дейін артуын ескере отырып, заң жобасында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін күнкөріс деңгейінен 50%-дан 54%-ға дейін ұлғайту ұсынылып отыр.
«Осылайша, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшері егер азаматтардың еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударымдар кезеңі 10 жылдан аспаса, онда күнкөріс деңгейінің 54%-ын; 20 жыл болса – күнкөріс деңгейінің 74%-ын; 33 жылдан асқанда – күнкөріс деңгейің 100%-ын құрайды. Нәтижесінде, еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударымдар кезеңі мол азаматтардың зейнетақысы көп болады. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2 млн зейнеткердің 44,7 %-ы күнкөріс деңгейінің 74 %-нан жоғары алатыны; 45,2 %-ы күнкөріс деңгейінің 100%-ын алатыны немесе базалық зейнетақысы бүгінгіге қарағанда 2 есе көп болатыны күтілуде», - деп тарқатты Тамара Дүйсенова.
Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы зейнетақының өсімі 27%-ды құрайды.
Министр жоғарыда аталған зейнетақыларды және тиісті жәрдемақы түрін арттыру үшін республикалық бюджеттен жалпы алғанда 81,6 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.
Бұдан тыс, Заң жобасында мүгедек балалардың ата-аналарына төленетін жәрдемақыны тағайындау үдерісін оңтайландыру да қарастырылуда. Енді олар медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткен кезде мүгедектікті белгілеу бойынша қызметтен бөлек, мүгедек баланы тәрбиелеушіге арналған жәрдемақыны тағайындауға өтініш бере алады.
Заң жобасында 8 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Заң жобасы қабылданған жағдайда құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдар әкелмейді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары