- Басты
- Жаңалықтар
- Инвесторлар Көкшетауда қуаттылығы 180 МВт жылу электр станциясын салады
Инвесторлар Көкшетауда қуаттылығы 180 МВт жылу электр станциясын салады
Алдымен өңір басшысы «BI Group» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевпен кездесті. Тараптар Ақмола облысының құрылыс саласына қатысты ынтымақтастық мәселесін қозғады, атап айтқанда тұрғын үйлер, Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспары аясында салынатын жолдардың құрылысы сөз болды.
Содан соң М.Мырзалин «ВAKConsultingEngineers» америка-оңтүстік корея-түрік консорциумының өкілі Фахим Ел-Хоримен жүздесіп, облыс орталығында ЖЭС құрылысын салу мәселесін талқылады.
«Бүгiнгi күнi Ақмола облысының әрi қарай әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн Көкшетау қаласында ЖЭС салу мәселесi өте өзектi. Бiзде жобаның бекiтiлген техникалық-экономикалық негiзi бар. Ендi қаржыландыру тетiктерiн нақтылап, энергетика саласында осыған ұқсас жобаларды жүзеге асыруда тәжiрибесi бар мердiгерлердi қарастыратын боламыз», — дедi Мәлік Кеңесбайұлы.
Өз кезегiнде «ВAKConsultingEngineers» консорциумының басшысы Фахим Ел-Хори облыс басшысына жылы қабылдауы үшiн алғыс айтып, соңғы 25 жылда энергетика саласында осыған ұқсас жобаларды салып, машықтанғандарын айтты.
Кездесу соңында М.Мырзалин өзара ынтымақтастыққа ниет білдірген инвесторлар үшін, Ақмола өңірі қашанда ашық екендігін жеткізді.
Еске сала кетейiк, аталмыш жобаны салуға бүгiнде бірқатар шетелдiк компаниялар қызығушылық тудыруда. Жалпы Көкшетауда қуаттылығы 180 МВт (электрлi), және 450 Гкал/ч (жылу) жылу электр станциясын салу ескi жылу қазандықтарын ауыстыруға және тұрғындарды жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет