- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Бозымбаев Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстармен танысты (ФОТО)
Қ. Бозымбаев Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстармен танысты (ФОТО)
«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басшылығы министрге жобаның бірінші кезеңі бойынша жұмыстардың механикалық аяқталғаны және екінші кезең нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесі туралы баяндады.
Зауытты аралап шыққаннан кейін Қ. Бозумбаев жаңғырту жобасын тезірақ аяқтап, Қазақстан үшін жоғары класты автомобиль отынының қажетті көлемін алу үшін жұмыстарды қарқынды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, 31 наурызда Шымкент мұнай өңдеу зауытында зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің ірі технологиялық нысаны болып табылатын – шикізатты алдын ала гидротазалайтын блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталғаны туралы актіге қол қойылған болатын.
Қазіргі уақытта, аталған нысанда іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және ол жұмыстарды ағымдағы жылдың шілдесіне аяқтау жоспарланған. Нысан іске қосылғаннан кейін кепілді пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізіліп, 2017 жылы К4, К5 экологиялық кластағы (Евро-4, Евро-5 аналогы) жоғары октанды бензиндер мен дизель отыны алынатын болады және жоғары октанды бензиндерді өндіру жылына 460 мың тоннаға, дизель отынын өндіру жылына 226 мың тоннаға, авиаотынды өндіру жылына 27 мың тоннаға артатын болады.
Бұған қоса, Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасының екінші кезеңінің аясындағы жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Жобаның екінші кезеңі зауыттың шикізат өңдеу қуатын жылына 5,25 млн. тоннадан 6 млн. тоннаға дейін арттыруға және шикізатты өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталған. Жобаның екінші кезеңі технологиялық тұрғыдан күрделі болып келеді және жоғары октанды моторлы отындарды алатын, қуаты жылына 2,0 млн. тонна мұнайды терең өңдейтін каталитикалық крекинг қондырғысы кешенін салуды қарастырады.
Жобаның екінші кезеңі аяқталғанда зауытта жоғары октанды бензиндерді өндіру жылына 2 270 мың тоннаға дейін, дизель отынын өндіру жылына 1 916 мың тоннаға дейін, авиаотынды өндіру жылына 400 мың тоннаға дейін, ал зауыт өнімдерінің ҚР нарығындағы үлесі 35%-ға дейін артатын болады.
Жалпы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы бойынша 11 технологиялық қондырғыларды және жалпы зауыт шаруашылығының 29 нысанын салу және реконструкциялау қарастырылған.
Жоба бойынша бас мердігер жұмыстарын мұнайгаз өнеркәсібі саласында инжинирингтік және құрылыс жұмыстарымен айналысатын ірі компаниялардың бірі – СРЕСС (China Petroleum Engineering & Construction Corporation) компаниясы орындауда.
Жұмыс сапарының нәтижесі бойынша энергетика министрі Қ. Бозумбаев Шымкент мұнай өңдеу зауытының басшылығына жаңғырту жобасы бойынша әрі қарай жүргізілетін жұмыстарға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда