2013 жылы Ақмола облысының өнеркәсіптік тауар көлемі 20 пайызға өсті

19 Желтоқсан, 2013 15:52
Ақмола облысы әкімі Қ.Айтмұхаметов облыс орталығында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы, қала дамуының әлеуметтік-экономикалық кешенді жоспары бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Есеп беру мерзіміндегі өнеркәсіптік тауар көлемі 58,4 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 20,4% өсті», - делінген хабарламада.

Өнеркәсіп көлемінің өсуіне «Көкшетау миниралды сусындары» АҚ, «Камаз-Инжиниринг» АҚ мен «Тыныс» АҚ өнімдерінің шығуы әсер еткен.

Айта кету керек, 2013 жылы облыста Индустрияландыру картасы бойынша 2 инвестициялық жоба іске қосылды. Олар жылына 1,5 млн қапшық шығаратын қуаттылыққа ие кәсіпкерлік пен жиһаз өнеркәсібі болып табылады.

Барлық жаңалықтар