• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда «Туризм және саяхат» көрмесінде 10 мыңнан астам турпакет ұсынылмақ

Алматыда «Туризм және саяхат» көрмесінде 10 мыңнан астам турпакет ұсынылмақ

12 Сәуір, 2017 17:16
Алматыда 19-21 сәуір аралығындағы кезеңде «Атакент» ҚІЫО павильондарында KITF 2017 «Туризм және саяхат» 17-ші Қазақстан халықаралық туристік көрмесі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігі.

KITF көрмесі Қазақстан мен Орталық Азиядағы туризм және саяхат саласындағы ең ірі форум болып табылады. Үш күн ішінде алаң барлық әлемнен турбизнес мамандарын жинайды, олар көрмеде ең тиімді ұсыныстар, ең жаңа бағдарламалар мен негізгі шешімдер әзірлейді.

Көрме экспоненттері туризм бойынша ұлттық және өңірлік басқармалар, қазақстандық және шетелдік туроператорлар, курорттық қонақ үйлер мен орналастыру объектілері, әуе компаниялары мен интернет брондау жүйелері.

Сондай-ақ, Доминикан Республикасы, Болгария, Греция, Грузия, Мысыр, Индонезия, Испания (Каталония өңірі), Үндістан, Иордании, Қытай, Куба, Марокко, Ресей (Ставрополь өлкесі), Таиланд, Түркия, БАӘ (Шарджа әмірлігі) және Оңтүстік Кореяның елшіліктері мен бейінді мемлекеттік ведомстволары да қатысуға өтініш білдірді.

Көрменің іскерлік бағдарламасы ҚР-дағы туристік саланы дамыту, туризм саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыптарына арналған конференциялар мен дөңгелек үстелдерді, халықаралық және отандық туристік нарық мүмкіндіктерімен таныстыруды қамтиды. 

Барлық жаңалықтар