- Басты
- Жаңалықтар
- «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жезқазғанға барды
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жезқазғанға барды
Дәрігерлер бригадасының құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, лор, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты білікті бірінші және жоғары дәрежелі мамандары бар. Медициналық пойыз қызметтерін Қазақстанның шалғайдағы елді мекендерінің медициналық көмекке мұқтаж тұрғындары, теміржол қызметкерлері мен зейнеткерлер және олардың отбасы мүшелері пайдалануға мүмкіндіктері бар.
Пойыздың бас дәрігері Арман Әбішевтің айтуынша, Жезқазған станциясында қазірдің өзінде жергілікті тұрғындарды қабылдауды бастап кеткен.
Құрамдардың жүру бағыты мен дәрігерлер бригадасы көрсететін қызметтері туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры ұжымдық қорының директоры Ербол Кеңгірбаев медициналық пойыздар жұмысын ұйымдастыру барысына толық тоқталып кетті.
Сондай-ақ ҚТЖ қай облыстарда және медициналық пойыздардың қаншалықты, қай уақытта болғанына талдау жүргізеді. Әр медициналық пойыз көп бейінді мамандандырылған консультативтік-диагностикалық көмек көрсету үшін арнайы жабдықталған, сондай-ақ медициналық персоналдың тұруына арналған сегіз вагоннан тұрады. Медициналық персонал мен пойыз бригадасына арналған екі вагон-купеде ауа баптағыштар, теледидарлар, тоңазытқыштар, себезгі, био-дәретханалар мен кір жуу орны орнатылған. Сондай-ақ вагон-ресторан мен вагон-дизельді генераторы бар.
Оның күші ТЖ жағдайында шағын тұрғылықты елді мекендерге жарық беруге жеткілікті. Қалған төрт вагон тек халықты қабылдауға және медициналық көмек көрсетуге арналған. Бұл жағдайда дәрігерлерге арналған жайлы вагондар, пойыздардың жолда жылына 300 күн болуына орай жабдықталған», -дейді ол.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Басқарушы директоры Лима Диастың айтуынша, жобаның арқасында станциялар мен оларға іргелес жатқан елді мекендердің халқы аурулардың алдын алу үшін медициналық тексеруден өтеді, қажетті алғашқы көмек, кәсіби консультация мен әрі қарай емделу үшін жақын орналасқан медициналық орталықтарға жолдамалар алады. Бұдан бұрын Елбасымыз медициналық пойыздардың жұмысын жоғары бағалап, көліктік медициналық қызмет көрсетудің өзектілігін баса атап өткен болатын.
Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды қаласынан аттанады және ол биыл 11 сәуірден бастап 6 қараша аралығында орталық, солтүстік, шығыс өңірлерінің қалалары мен кеңшарларына барады.Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінің халқы биыл 18 сәуірден бастап 20 желтоқсан аралығында Алматы-1 станциясынан шығатын «Денсаулық» пойызының жоғары біліктілікті медициналық көмегін ала алады.
Атап өтерлігі, «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем», «Денсаулық» медициналық пойыздары «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР Ішкі істер министрлігі, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорыныңқолдауымен ұйымдастырылып келеді.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді -
Медициналық бұйымдарды стерильдеуге арналған радиациялық технология қауіпті ме? -
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді -
ЖҚҚ-ның бағасы төмендетілді: ПТР-тестілеу мен медициналық масканың бағасы қанша тұрады -
Пандемия кезінде ҚазҰМУ 150 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетті – ректор -
Қазақстанда медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі қалай шешіледі -
«Пластиксіз Қазақстан»: Қалдықсыз қоғам қалыптастыру үшін не істеу керек