• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысы Қырғызстанның екі облысымен ынтымақтастық туралы меморандумға отырды

Жамбыл облысы Қырғызстанның екі облысымен ынтымақтастық туралы меморандумға отырды

12 Сәуір, 2017 12:38
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Қырғыз Республикасының Чу және Талас облысындағы Үкіметінің уәкілетті өкілдерімен кездесті.

Басқосуда сауда, ауыл шаруашылығы, ветеринария, фитосанитарлық және трансшекаралық өзендерінен су бөлу мәселелері бойынша түрлі мәселелер күн тәртібіне көтеріліп, жан-жақты сараланды.   Жиында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев екі жақты экономикалық қарым  - қатынасты әрі қарай дамыту бойынша сөз сөйледі.                                  

«Көршілес елдердің арасындағы қарым-қатынас - өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде көрші бауырлармен түйіні тарқатылмаған ортақ мәселені бірлесіп шешкен маңызды. Бүгінгі жиында да көтерілетін мәселелер екіжақты бірлесіп шешуді қажет етеді деп ойлаймын», - деді К.Көкірекбаев.

Былтырғы жылы ауа- райының қолайлы, жауынның мол болуына және диқандардың уақтылы өнімдерді суаруына байланысты, облысымыздың агроқұрылымдары жоғары өнім алды.

Бұл жерде қырғыз әріптестерімізге трансшекаралық өзендер арқылы уақтылы және керекті көлемде су беруді ұйымдастырғандарыңызға  рахмет айтқым келеді. Кейбір шаруашылықтар суармалы жерлерінен  дәнді дақылдарды гектарынан 55 центнерге дейін өнім алды.  

Жамбыл олбысының әкімдігі хабарлағандай, жиын соңында екі жақты достық қарым-қатынастарды бекіту, сауда-экономикалық ынтымақтастық іс-шараларды іске асыру жөнінде бірқатар  меморандумдарға қол қойылды.  

Барлық жаңалықтар