- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанға Иран Әскери-теңіз күштерінің корабльдері келіп жетті (ФОТО)
Қазақстанға Иран Әскери-теңіз күштерінің корабльдері келіп жетті (ФОТО)
Ақтау теңіз портында достастық кемелерді Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблі күтіп алды.
Сапар мақсаты екі елдің Әскери-теңіз күштері арасындағы ынтымақтастықты ретке келтіру болып табылады. Оның рөлі өңірлік, оның ішінде, Каспий теңізінің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайларында анағұрлым ұлғаяды.
Тәжірибе алмасу мақсатында зымыран кораблі мен Иранның эскадралық мина тасығышына Қазақстан әскери теңізшілері экскурсия ұйымдастырды. Өз кезегінде, Иран ӘТК әскери теңізшілері қазақстандық зымыран-артиллериялық корабльді тамашалай алады.
Ресми сапардың бағдарламасы шеңберінде әскери корабльдердің экипаждары мен Иран Әскери-теңіз күштерінің өкілдері Ақтау қаласының мәдени нысандары мен көрікті жерлерін аралап шығады.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Иран Ислам Республикасы ӘТФ Каспий флотилиясының корабльді тобы Ресей мен Әзірбайжанның теңіз порттарына соғып қайтқан болатын.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті -
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді -
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды -
COVID-19: АҚШ-та қайтыс болғандар саны шарықтау шегіне жетті, Германия Рождестводан соң локдаун енгізбек -
Қаржы саласындағы заңдарға енгізілген өзгерістер: Бюджеттің қосымша шығындары қайда жұмсалмақ -
Қазақстанға келетін авиажолаушыларға қандай талаптар қойылады