- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мәмин ЭКСПО-2017 аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты
А.Мәмин ЭКСПО-2017 аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, А. Мәминнің қатысуымен Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және көрмені өткізу кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді.
Жиында атап өтілгендей, ІІМ басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында және көрмені өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар қабылдауда.
Туындаған мәселелерді тез шешу және жедел басқару үшін құқық қорғау, арнайы және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларынан жедел штаб пен жұмыс тобы құрылды.
ЭКСПО-2017 аумағында Полиция бөлімі, ал көрмеге таяу жерде өрт сөндіру бөлімі ашылды, көрме ашылардан бір ай бұрын ұйымдастырушылар кеңсесі орналасқан ғимаратта Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы өз жұмысын бастайды.
Ағымдағы жылғы мамыр айында Көлік инфрақұрылымы нысандарында, дәлірек айтқанда, Астана қаласындағы әуежайда Желілік полиция бөлімі ғимаратының құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, жаңа темір жол вокзалындағы Желілік полиция бөлімінің баспанасы да пайдалануға беріледі.
Жалпы алғанда, қоғамдық тәртіпті қорғауға 9 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылады (4,5 мыңы – ІІМ қызметкерлері, 1,5 мыңы – Ұлттық ұлан жауынгерлері, 1,5 мыңы – Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері, 630 адам – жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері), соның ішінде 2 300 қызметкер өзге өңірлерден тартылмақ.
Көрмеде жарылғыш заттардың 16 техник-маманы және 63 кинолог өздерінің қызметтік иттерімен жұмыс істейтін болады. Бұған қоса, көрме кешенінің кіріп-шығатын есіктері металлдетекторлар, рентген-телевизиялық қондырғылармен жабдықталған, сол жерде бейнесараптау және бет-әлпетті анықтау, сондай-ақ келушілерді тіркеп қалатын жабдықтар да қолданылады.
Қазірдің өзінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетімен бірге мобилді инспекциялық-тексеру құрылғыларының көмегімен көрме кешеніне жеткізілген жүктер мен тауарларды тексеру жүргізілуде.
Көзбен бақылау және жедел ден қою үшін көрме нысандарында 2 мың бейнебақылау камерасы орнатылған, олардың бәрі де Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығына қосылған.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес