Қазақстанда 2017 жылы ауыл шаруашылығы өніміне баға 1,3%-ға өсті

12 Сәуір, 2017 08:46
Ағымдағы жылғы наурызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 1,7%, мал шаруашылығы өнімі - 0,5%-ға қымбаттады, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда баға қара бидайға 4,5%, жүгеріге - 2,9%, күрішке - 1,2%, арпаға - 0,8%, бидайға - 0,6%, сұлыға - 0,3%-ға өсті, ал қарақұмыққа 2,4%-ға төмендеді.

«Картоп 7,2%, басты пияз - 4,5%, асханалық сәбіз - 3,5%, қырыққабат - 1,3%, асханалық қызылша - 0,7%-ға қымбаттады. Баға кептірілген бұршаққа 10,3%, соя бұршаққа - 6,2%, күнбағыс тұқымына - 2,9%-ға өсті», - делінген хабарламада.

Баға қой етіне 2,7%, ірі қара мал етіне - 2,4%, шошқа етіне - 2,1%, жылқы етіне - 1,4%-ға өсті, ал құс етіне - 0,5%-ға төмендеді. Шикі сүт 3,9%, қойдың жүні - 0,6%-ға қымбаттады, ал жұмыртқа - 8,8%-ға арзандады.

 

Барлық жаңалықтар