- Басты
- Жаңалықтар
- 100-ден астам жұмыссыз астаналық қысқа мерзімді кәсіптік оқуға кірісті
100-ден астам жұмыссыз астаналық қысқа мерзімді кәсіптік оқуға кірісті
Жалпы ағымдағы жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 500 жұмыссызға тегін оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың айтуынша, мұндай мүкіндікті жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар алып отыр.
«Тегін қысқа мерзімді курстар арнайы білімі жоқ, немесе алдында алған мамандықтары еңбек нарығында сұранысқа ие болмай қалған азаматтарға ұйымдастырылады. Өткен жылы қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес, мамандар хабарласқаннан күннен бастап 10 күннің ішінде жұмыс іздеп жүрген азаматқа қолайлы жұмыс табылмаған жағдайда, оны ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеуге алады. Жұмыс іздеген азамат өз кезегінде Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос орындарға қызығушылығын танытып, 10 жұмыс күн ішінде кем дегенде 3 рет келіп, хабарласып тұруы тиіс. Тіркеуге алу процесі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен тексерістен өткеннен кейін олардан алынған ақпарат азаматтың жеке жұмысқа тұру картасына енгізіледі, - деді ол.
Еске сала кетейік, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысу үшін елорда әкімнің орынбасары Андрей Лукиннің төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту мәселесі бойынша ведоствоаралық комиссиясы 8 білім беру ұйымдарын іріктеп алған болатын. Олар өз кезегінде мектеп алды дарялау ұйымдарының тәрбиешісі, наубайшы, аспазшы, тігінші, шаштараз шебері, электргаздәнекерлеуші, электромонтер, сауда менеджері, қадағалаушы-кассир, даяшы, слесарь-су құбыршы мамандықтары және ағылшын тілі мен сандық компьютерлік сауат ашу дағдылары бойынша мамандарды дайындайды.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді