- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда бизнес құру қаншалықты оңай? (ШОЛУ)
Қазақстанда бизнес құру қаншалықты оңай? (ШОЛУ)

Халықтың кәсіпкер болуын немесе болмауын мемлекет емес нарықтық бәсеке шешу керек. Бизнеске ену оңай болғаны жөн. Осы ретте, халықтың қауіпсіздігіне әсер етпейтін барлық рұқсат беру түрлері қысқартылып, хабарландыру тәртібіне көшірілді.

Барлық рұқсат беру процедураларын қысқарту және оңтайландыру кәсіпкердің өмірін жеңілдетуге бағытталғаны сөзсіз. Қағазбастылық, қаржы шығыны кәсіпкерлік қызметпен айналысудың алғашқы кезеңінде-ақ көңіліңді су сепкендей басып тастайды.
Мысалы, бүгінде жеке кәсіпкер атану үшін салық органынан хабарландыру жіберу жеткілікті.

Жалпы рұқсат беру процедурасын жеңілдету еліміздегі бизнестің дамуына, мемлекеттің ұлттық табысының артуына, кәсіпкерлік сектордағы өндірістің өсіміне, жұмыссыздықтың азаюына және әлеуметтік-кәсіпкерлік ахуалдың жақсаруына, бизнесті жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасауға оң әсерін тигізеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-V Заңына мынадай бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді және олар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП-дан кеңірек айтып берді.

ҚҚС-да өзгертулер Қосымша құн салығына (ҚҚС) келетін болсақ, 2017 жылға дейін төменгі шектік мән еш өзгертілмей қалдырылды (30 000 АЕК), 2018 жылдан бастап кезең кезеңімен аталмыш көрсеткіш төмендейтін болады 25 000 АЕК (53,0 млн теңге), 2019 – 20 000 АЕК дейін (42,4 млн теңге) және 2020 жылы – 15 000 АЕК дейін (31,8 млн теңге) азаяды.
Сонымен қатар, өз еркімен ҚҚС бойынша тіркеу есбіне тұру нормасы қайта қалпына келтірілді.
«Бір біріне жалғасып кеткен келесі екі салық кезеңінде қаржы айналымы декларацияда көрініс таппайтын болса ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алып тастау нормасы жойылды», - деп түсіндірді «Атамекен» ҚР ҰКП.
Сонымен қатар, заңнамада 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін кезең кезеңімен акциздік мөлшерлемені көтеру тәртібі бекітілді:

Ал, алкоголь өнімін экспорттау кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында, 80 көлемдік пайызды немесе одан жоғары алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртiне акциздің нөлдік мөлшерлемесі белгіленді.
Электронды шот-фактуралар мен ілеспе жүк құжаттары
Электронды шот-фактуралар мен ілеспе жүкқұжатары туралы айтатын болса, жаңа Салық кодексінде 2017 жылдан бастап міндетті түрде ҚҚС төлеушілерге электронды шот-фактураларға көшу, барлық тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын енгізу міндеттелді.

«Ал, ірі салық төлеушілерге аталмыш талаптарды 2018 жылдан бастап енгізу, қалған барлық салық төлеушілерге 2019 жылдан бастап енгізу қарастырылды. Ілеспе жүкқұжаттарын енгізуге келетін болсақ, ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұралатын болады», - деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП-дан.
Келесі өзгертулер ауыл шаруашылығымен айналысатындарға қатысты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес асыл тұқымды малдар ҚҚС қоса есептеу әдісімен төленетін тауарлар қатарына жатқызылды. Қазақстан аумағына әкелген уақыттан бастап 5 жыл ішінде асыл тұқымды мал сатылып кететін болса, импорт үшін мұндай тауардың ҚҚС бюджетке өсімақымен бірге төленуі керек.
Малдың ауа-райына бейімделе алмауы ауыл шаруашылығы кәсіпорнын оны бауыздауға итермелейді, нәтижесінде ҚҚС мәжбүрлі түрде төленеді.
Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында аталмыш заңнамада малды бауыздауға мәжбүр болған немесе мал өлімі жағдайында ҚҚС қоса есептеу әдісімен төлеу бекітілді.
Ал, құқық қолдану негізіндегі арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу шаруа және фермер қожалықтарымен жағдайда, активтерді сату, бұрын пайдаланылған, қолданылатын қызметті сақтау бөлігі бойынша осы салық салу режимі қалдырылды.
Сонымен қатар, меншік құқығындағы жер учаскесін қолдану мақсаты үшін ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі алып тасталды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін әлеуметтік салықтық мөлшерлемесі бекітілді:ШҚ – АЕК-тен 20 %; ЗТ үшін еңбекті төлеу қоры 6,5 %.
ТҚӨС ставкасы қайта қаралды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап санаторий, балабақшалар мен әлеуметтік нысандар коэффиценті 0,3%-ға төмендеді, яғни 1 АЕК-ден басталады.

Қазіргі таңда Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексінің жаңа жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. ҰКП аталмыш жұмысқа қатысып жатыр.
Аталмыш жұмыс бойынша талқыланып жатқан барлық материалдар www.palata.kz сайтының ақпараттық бизнес-қауымдастық тәртібіндегі жаңа кодекс бөлімінде жарияланады.
Қайрат Жандыбаев
Фото: ашық дерек көзден
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады