- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда Балалар университеті ашылды (ФОТО)
Таразда Балалар университеті ашылды (ФОТО)
Жоба алғашқы баспалдағын жаратылыстану бағытындағы салалар бойынша жүргізсе, осы фестивальде мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттырып, өнерге, спортқа қызығушылықтарын ояту мақсаты назарға алынған.
Фестиваль 8 секцияға бөлініп, дизайн, сурет, спорттық жаттығулар, хореография, әскери дайындық, аспаптар үйрену салаларында түрлі практикалық сабақтар өткізді. Тараз қаласы мектептерінің қатысуымен 80-ге жуық оқушылар келіп, білім алды.
Институтта қолөнермен айналысуға, тоқыма ісі мен тоқуды жүзеге асыруға, спорттың кез келген түрін меңгеруге, аспаптарда ойнап-үйренуге барлық мүмкіндік жасалған. Практикалық сабақты ҚР Суретшілер одағының мүшелері, ҚР Мәдениет саласының үздіктері, Халықаралық көрмелер қатысушылары, спорт шеберлері, Халықаралық би ЮНЕСКО мүшелері, Мәдениет қайраткерлері өткізді.
Кешенді тәжірибе жүргізуге педагогикалық институттың базасында толық жағдай жасалған. Оқу орнында студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында "Электротехника", "Радиотехника", "Электроника негіздері" және "Мектептегі робототехника" оқу-зертханалары жұмыс істейді.
Дәрісханалар Lego, Tetrix, Аrduino роботтарымен, заманауи құрылғылармен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, Физика-математика факультетінің Жамбыл облысындағы орта және арнайы мектептеріндегі информатика пәні мұғалімдерінің робототехника, электроника негіздері мен радиотехника пәндері бойынша біліктілігін көтеруге арналған материалдық және ресурстық базалары бар.
«Оқушылардың өз бейіміне қарай дәл сол салада терең білім алып, маман атануы Еліміздегі маман тапшылығы мен жұмыссыздық мәселесінің реттелуіне өз пайдасын тигізері анық», - деді ұйымдастырушылар.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы