• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Алаш қозғалысы туралы туындылардың тұсауы кесілді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астанада Алаш қозғалысы туралы туындылардың тұсауы кесілді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

11 Сәуір, 2017 17:32
Астанада Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шара барысында филология ғылымдарының докторы, алаштанушы, жазушы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Отырар кітапханасы ғылыми орталығының директоры Тұрсын Жұртбайдың туындыларының тұсауы кесілді.

 

«Боль моя, гордость моя – Алаш» трилогиясы, «Акинак» әдеби-тарихи зерттеуі, сондай-ақ «Движение Алаш» атты алашшылардың сот процестерінің, материалдарының жинағы ұсынылды.

Конференцияға ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері қатысты. 

«Боль моя, гордость моя – Алаш» трилогиясы – 1927-1932 жылдары және 1937-1938 жылдары БМСБ, ІІХК, МҚК соттаған «Алашорда» қозғалысы қайраткерлерін тергеу және олардың жауап беру хаттамаларына негізделген ғылыми-тарихи және әдеби-публицистикалық зерттеу.

«Акинак» кітабында жетпіске жуық ұлы ата-бабаларымыз жайында жазылған», - дейді тарихшылар.

Тұрсын Жұртбайдың кітабы анағұрлым негізделген дайындығымен, дереккөздермен жұмыс істей білумен ерекшеленеді.

Үш томдық «Движение Алаш» кітабына қозғалыс қайраткерлерін оңалту, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының пайда болуы мен қалыптасуы туралы құжаттар енгізілген.

Сурет Арман Мұхатов

Барлық жаңалықтар