- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде мәдениет туралы заңнамаға түзетулер қаралды
Сенат комитетінде мәдениет туралы заңнамаға түзетулер қаралды
Заң жобасы Парламент депутаттарының бастамашылығымен жасалды және Бюджет кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, сондай-ақ «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «Мәдениет туралы» және басқа да заңдарға түзетулер енгізуді көздейді.
Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың еліміздің Бюджет кодексінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды ғана емес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды да даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуге құқығын бекіту ұсынылады.
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң музей-қорық сияқты жаңа ұғыммен толықтырылады, ол тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени құндылықтарды сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған.
«Мәдениет туралы» заңда Қазақстан халқының мәдени мұрасына жататын баспасөз басылымдарын сақтау мен көпшілікке таратуды жүзеге асыратын еліміздің Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мәртебесі белгіленеді; бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарын, ал электрондық нысанда – «Орталық» мәртебесі бар кітанханаларға ұсыну бойынша міндеттері бекітіледі.
Одан басқа, заң жобасымен мәдениет ұйымдары мен театрлардың қызметіне қатысты қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату мәселелерін реттеу, сондай-ақ мәдениет саласындағы уәкілетті органның құзыретін нақтылау ұсынылады.
Сенаторлар Ақан Бижанов, Әли Бектаев, Төлеубек Мұқашев, Нұрлан Қылышбаев, Серік Бектұрганов және Жабал Ерғалиев өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді