- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері 48 мыңнан астам қазақстандық «Өрлеу» жобасына қатысты
Жыл басынан бері 48 мыңнан астам қазақстандық «Өрлеу» жобасына қатысты
Ең көп қатысушы Оңтүстік Қазақстан (35126 адам), Жамбыл (3426 адам) және Алматы (2569 адам) облыстарында тіркелді.
Есептік кезеңде жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 еседен астамға өсті (5947 теңгеден 15445 теңгеге дейін). Олардың еңбекке қабілетті 87%-ы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартылды. Республика бойынша атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың жалпы саны, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 22,4%-ға қысқарды.
Жобада көзделген негізгі мақсат – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілетін атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай – АӘК) көрсетудің жаңа сипатын қанатқақты тәртіпте сынап көру. Жаңа үлгідегі АӘК әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыларға ұсынылады және 2 түрге бөлінетін болады: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.
Әлеуметтік келісімшарт жасаған тұлғаларға шартты ақшалай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру, 2014 жылдан бері Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында бастау алды.
2015 жылғы 1 шілдеден бастап ұқсас өңірлік пилоттық жобалар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады (20,2 мың адам қатысты). 2016 жылдан қанатқақты жоба еліміздің барлық өңірінде іске асырылуда (38,8 мың адам қатысты).
Жобаны әрі қарай, яғни 2017 жылы жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге қарастырылған. Биыл «Өрлеу» пилоттық жобасына елдің барлық ауданы мен қаласынан 150 мыңға жуық аз қамтылған азаматты тарту жоспарлануда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар