Елордалық мектептерде үштілділіктің тиімді үлгісі насихатталуда

11 Сәуір, 2017 15:12
Үштілділіктің ең тиімді үлгісін жүзеге асыру аясында қазақ тілін үйрету әдістемесінің өзектілігін арттыру және ұстаздарды оқытудың табысты құралдарын пайдалануға үйрету қарастырылған. Елордалық мектептерде қазақ тілі мен ағылшын тілін дамытудың өзекті міндеттері туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин Астананың сараптамалық клубының отырысында хабарлады.

«Бүгінгі таңда екі маңызды міндет тұр: қазақ тілінің табысты ұстаздарының тәжірибесін ескере келе бірінші кезекте қазақ тілін дамыту. Бізге пәнді беру әдістемесін өзгерту керек. Оны халықаралық стандарттарға жақындастыру қажет. Жасыратыны жоқ ағылшын тілін бірнеше айлардың ішінде үйренуге болады. Ал, қазақ тіліне келетін болсақ ескі әдістеме пайдаланатын болғандықтан бұл мәселе әлі де өз шешімін таппай отыр», - деп түсіндірді Ә. Жанғозин.

Әнуар Жанғозиннің пайымынша,  жас және тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибесін пайдалана отырып нақты дереккөз базасын жасақтау керек, сонда оны өзгеде ұстаздар пайдалана алады және өз әдістемесін жетілдіріп тұратын болады.

Сонымен қатар, ұстаздар үшін ағылшын тілі курстары өз жалғасын табады.

«Ағылшын тілі бойынша бізде нақты жоспар бар. 2019 жылы біз жоғары сыныптарда ғылым мен математика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздардың 30-40% қамтуымыз керек. Бүгінде аталмыш пәндер бойынша ұстаздарға терминологиялық сөздіктер таратылып берілді», - деп хабарлады  спикер.

Жоспарланғандай, ұстаздар бұл сөздіктерді жаңа жылдан бастап пайдалана бастайды.

«Сонымен қатар, халықаралық әдістемелерді пайдаланған маңызды. Мысалы, CLIL әдістемесі бар, ол ұстазға екінші немесе үшінші тілде сабақ беру құралдарын береді. Егер ол ағылшын тілінде сабақ беретін болса оны қалай жасау керектігі туралы құралдар көрсетілген. Яғни, пәнге ешқандай зиян тигізбей үйдеру және тілінді одан ары дамыту жолдары көрсетілген», - деп түйді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы білім басқармасы барлық білім беру мекемелерінде сапаны арттыруға бағытталған жан-жақты аудит өткізуді жоспарлап отыр.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар