- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жылына 40 тоннаға дейін жоғары сапалы сублимацияланған бие сүті өндіріледі
Қазақстанда жылына 40 тоннаға дейін жоғары сапалы сублимацияланған бие сүті өндіріледі
2016 жылдың күзінен бері қазақстандық нарықта SAUMAL® сауда маркасымен функционалды тамақ өнімі – құрғақ бие сүті пайда болды. «ЕуразияИнвест» компаниясы екі жылдан бері Қазақстан нарығында жаңа өнімді сәтті түрде саудаға шығарып отыр.
Саумал – бірегей, 100% табиғи, диеталық және сауықтырушы өнім. Ол – сублимация процесінен өткен, бірақ пайдалы қасиеттерін сақтап қалған жаңа сауылған бие сүті (саумал).
Саумал құрғақ бие сүті функционалды тамақ өнімі ретінде дәрі немесе биологиялық белсенді қоспа болып саналмайды. Оны ұзақ уақыт бойы ішуге болады, ешқандай жанама кері әсері жоқ, ағзаға зиянын тигізбейді. Функционалды тамақ өнімдерін қарапайым тамақтан ерекшелейтін басты дүние – олардың денсаулықты жақсартуға, аурулардың алдын алуға, кейде, тіпті жазылып кетуге себепші болуы.
Консерванттар және басқа қоспалар қосылмаған толықтай табиғи өнім бола тұра Саумал жоғары биологиялық белсенділікке ие, бұл оның функционалды тамаққа жататынын дәлелдейді.
Құрғақ бие сүтіне амин қышқылдары, майлар, ферменттер, микроэлементтер және дәрумендер секілді адам ағзасына қажет, дұрыс көлемдегі 40-тай биологиялық компонент кіреді.
Бауыр ауруларының алдын-алу және емдеуден кейінгі кезеңдерде SAUMAL® өнімінің оң ықпал ететіні расталып отыр. Бактерияға, қабынуға қарсы күресте, иммунитеттің қалыптасып, күшеюіне көмектеседі. Бие сүтін тұтынушылардың көптеген пікірі оның асқазан-ішек жолдарын емдеуде тиімді екенін дәлелдейді.
«Өнімдегі антиоксиданттар жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу ықтималдылығын төмендетеді. Қажет көлемдегі дәрумен-минералды құрамы ағзаға қаңқаның қатаюында көмектеседі, ал көмірсулар рационның энергиялық сыйымдылығын арттырады, бұл денеге күш түскенде, сондай-ақ енді өсіп-жетіліп келе жатқан балалар ағзасы үшін оң әсерін береді», - деді спикерлер.
«Еуразия Инвест» ЖШС – 2015 жылы сәтті түрде жүзеге асқан, ірі көлемде құрғақ бие сүтін өндіру бойынша Қазақстандағы бірегей жобаның жалғыз басқарушы компаниясы.
Жоба бойынша компания активінде жыл бойы жеке жем-шөп қорын жинауға мүмкіндік беретін 25 000 гектар жайылым жері бар. 1500-нан астам бие тәулігіне 4 000 литрге дейін сүт алып, өңдеуге, осылайша жылына 40 тоннаға дейін жоғары сапалы сублимацияланған бие сүтін өндіруге мүмкіндік береді. Неміс технологиясын енгізу өндіріс көлемі бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге, сондай-ақ шығарылатын өнім сапасының жоғары деңгейін бақылап отыруға жол ашады.
Барлық технологиялық процестер деңгейінде жобаға неміс мамандары жетекшілік етеді, жобаны жүзеге асыру барысында тек қазақстандық қана емес, ТМД елдерінен де келген мамандарды жұмылдырған 100 жұмыс орны ашылды.
Компания Қытай және Ресей секілді сыртқы нарықтарда өнімін сәтті түрде саудаға шығарып отыр, ЕО елдері пен БАӘ-ге жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды