- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Францияның атом компаниялары уран өндіру саласында келісім орнатты
Қазақстан мен Францияның атом компаниялары уран өндіру саласында келісім орнатты

Құжатты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев пен «АРЕВА» Бас атқарушы директоры Филипп Кноро қол қойып бекітті.
Қазақстанның мүдделеріне сай келетін аталмыш келісім «КАТКО» БК» ЖШС (АРЕВА (51%) мен Қазатомөнеркәсіптің (49%) бірлескен кәсіпорны) қызметінің тиімділігін және одан әрі дамыту үшін Францияға да жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл өз кезегінде компаниялардың акционерлеріне қосымша табыстар әкелмек.
«Қазақстан мен Франция арасындағы ұзақ мерзімді атом ынтымақтастығы аясында бұл келісім екі серіктестің де экономикалық мүдделері жолындағы біздің Қазатомөнеркәсіппен жиырма жылдық серіктестігімізді нығайта түседі. Келісім Оңтүстік Төртқұдық кен орнын дамыту негізінде КАТКО үшін ұзақ мерзімге арналған жаңа мүмкіндіктер ашып, сол арқылы өндірістік қызметін екі онжылдыққа ұзартады», - деп мәлімдеді Филипп Кноро.
«Сенімді серіктеспен стратегиялық келісімді «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының 20 жылдығы тойланатын жылда қол қоюдың өзіндік мәні бар. Ядролық отын циклындағы бірлескен жобаларды сәтті іске асыру өзара тиімді ынтымақтастықтың оң мысалы бола алады. Бұдан бөлек, келісім ережелері Мемлекет басшысы Н. Назарбаев алға қойған уран өндіру нарығындағы көшбасшылықты сақтау және әлемдік бәсекеге қабілетті атом компаниясын құру жөніндегі тапсырмаға да сай келеді», - деді Асқар Жұмағалиев.
1996 жылы құрылған «КАТКО» бірлескен кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Мойынқұм» кен орнында жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіруді табысты жалғастырып келеді. «КАТКО» өзінің өндірістік қызметінде уран өндіру бойынша әлемдік қос жетекші компания АРЕВА мен Қазатомөнеркәсіптің халықаралық тәжірибесі мен біліміне сүйенеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция

