- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтау көшелеріне күннен қуат алатын шамдар орнатылады
Ақтау көшелеріне күннен қуат алатын шамдар орнатылады

Жасалған әріптестік аясында Қытай компаниясы Ақтау қаласының көшелеріндегі жарық желілерін күн сәулелері арқылы жұмыс жасайтын жарықтандырудың жаңа үлгісіне ауыстырады.
«Астана-ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында Ақтау қаласындағы көше жарықтары жасыл экономика негізінде жұмыс жасайтын жарықтандыру үлгісіне өтеді. Бұл Қытай компаниясының ұзақмерзімді инвестициялық жобасы. Жоба Маңғыстау облысының барлық аумағын қамтуды жоспарлап отыр", - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Жобаны іске асырудың жоспарын жасақтау үшін үшжақты жұмыс тобы құрылады. Энергияны үнемдейтін құрылғыны орнату, оны іске қосу, реттеу жұмыстарының барлығы мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік аясында ұйымдастырылады.
"Жоба Ақтау қаласынан басталатын болады. Мұнда бүгінде натрилі жарық қолданылады. Оның барлығы заманауи жарықдиодты шамдарға ауыстырылады. Жаңа құрылғының орнатылуымен қала энергия көзін 70%-ға дейін үнемдей алады. Осы арқылы инвестор өз қаражатын қайтарады", - деп хабарлады «Source Energy» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Оралбек Ботбай.
Содан кейін өзара ынтымақтастық туралы дәл осындай меморандум Ақтау қаласының әкімдігі, «Source Energy» ЖШС және ҚХР «Huaming Guangdong smartled co LTD» компаниясы арасында жасалды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы
-
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту
-
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді
-
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер
-
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары
-
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды
-
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр
-
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер
-
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді

