- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Швейцария ЭКСПО-2017 алаңында ынтымақтастықты кеңейтуде
Қазақстан мен Швейцария ЭКСПО-2017 алаңында ынтымақтастықты кеңейтуде
Сонымен, Швейцарияның ЭКСПО-2017-ге қатысуы аясында Қазақстанның Швейцариядағы елшісі Жанар Айтжанова «Presence Switzerland»басшысы, елші Никола Бидоммен, Энергетика бойынша федералды кеңсенің директоры Бенуа Ревамен, Кантон президенті Цюрих Марио Феромен және Цюрихтің Қолданбалы ғылым университетінің ректоры доктор Жан-Марк Пивэтамен кездесті.
Н. Бидоның айтуынша, Швейцарияның Астанадағы көрмеге дайындығы бекітілген кесте бойынша жүруде және павильонда экспонаттар орнатылып жатыр. Павильонның тақырыбы «FlowerPower» (гүлдер күші) келушілерге энергияны үнемдеп пайдалануға үкіттей отырып күнделікті өмірдегі энерготиімділікті таныстырады.
Өз кезегінде Ж. Айтжанова ЭКСПО-2017 екі ел арасындағы ғылыми-техникалық байланысты одан ары жандандыруға арналған платформа екенін атап өтіп, швейцариялық тарапты қазақстандық оқу орындарын ағымдағы жылы ақпан айында Швейцарияға сапарын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Кездесу соңы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында «ЭКСПО-2017» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу туралы келісім жасалды. Аталмыш шараға Швейцарияның іскер және ресми ортасының өкілдері, сонымен қатар жетекші даму және ғылыми қауымдастық институттарының мамандары шақырылады.
Бұдан басқа, ведомствоның мәліметі бойынша Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрме Энергетика бойынша федералды кеңсенің директоры Бенуа Ревамен кездесудің басты тақырыбына айналды. Тараптар бәірауыздан ЭКСПО-2017 көрмесі ведомстволар деңгейінде энергетикалық қарым қатынастың одан ары дамуына серпін беретін болады деген пайымға келді.
Жалпы кездесулер қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017 көрмесіндегі швейцариялық павильонды толтыру ерекше және қызықты болатынын атап өту керек. Сонымен қатар, Қазақстан мен Швейцария «ЭКСПО-2017» алаңын білім беру, ғылым, техника, дәстүрлі және баламалы энергетика салаларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін пайдаланбақшы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды