- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамытудың кешенді жоспарын мақұлдады
Үкімет ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамытудың кешенді жоспарын мақұлдады
«Жоспардың басты мақсаты – өндірістік өзіндік құнын түсіру мен өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру болып табылады. Ол үшін қайта өңдеу шикізатымен, жоғарғы технологиялық өндіріс және жаңа өнінің сатылу нарығымен қамтамасыз ету керек», - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Өмірияев.
Оның айтуынша, қайта өңдеу көлемінің өсуіне басты шектеу мен өндірістік қуатты тежеудің факторы отандық тауарлардың бағасының қымбаттылығына қарамастан бәсекеге қабілетсіз болып келуі.
Осыған орай, басым бағыттарға мән берілуде – сүтті өңдеу, май өндірісі, шикі және құрғақ сүт өндіру, ет өнімі, майлы өнімдерді дайындау мен макарон өнімдері назарға алынуда.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында сүтті өңдеуге 2020 жылға дейін 59,7 млрд теңге қарастырылуда. Ал ет өнімдеріне 13,4 млрд теңге, көкөніске 3,2 млрд теңге, шекілдеуік майына 17,8 млрд теңге, астықты өңдеуге 9,8 млрд теңге, қант өндірісіне 14 млрд теңге және жүн мен теріні өңдеуге 1 млрд қарастырылған.
«Шеберлік жоспары бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасындағы қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі дамуына 118,9 млрд теңге қарастырылуда. Осылайша шикізатпен қамтамасыз ету, құрылғыларды жаңғырту және айналым капиталы мәселелері шешімін табатын болады», - деді спикер.
Жалпы, тамақ және қайта өңдеу саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктер саны 1370, соның ішіндегі ірілерінің саны шамамен 60.
Тамақ өнімдері ішінде басты үлесті астық өңдеу саласы 19 %, сүт өнімдері 16 % мен нан өнімдері 15 % алады.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы