• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазақстан-2050» демократиялық күштің жалпыхалықтық коалициясы кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелерін талқылады

«Қазақстан-2050» демократиялық күштің жалпыхалықтық коалициясы кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелерін талқылады

19 Желтоқсан, 2013 14:59
Бүгін Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының қамқорлығымен «Қазақстан-2050» демократиялық күштің жалпыхалықтық коалициясының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жиынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, ҚР Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, саяси партия, республикалық бірлестіктер жетекшілері, ҮЕҰ жұмыскерлері мен жұмыспен қамтушылары, сонымен қатар қазақстандық тәуелсіз сарапшылар қатысты», - делінген хабарламада.

Жиында «Кәсіби одақтар туралы» Заң жобасы қаралып, кәсіподақ қызметтерінің өзекті мәселелері талқыланды, соның ішінде жұмысшылардың әлеуметтік әріптестігіне қатысты мәселелер қаралды.

Шара барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова дайындалған «Кәсіби одақтар туралы» Заң жобасы кәсіподақтар қызметінің белсенділігін арттыруға бағытталған.

Заң жобасында әлеуметтік әріптестік саласындағы кәсіподақтар рөлін күшейту мен олардың қауіпсіздігі мен құқын сақтауды қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік әріптестік жолы арқылы барлық деңгейдегі кәсіподақ мүшелігіне демеу берудің құқықтық негізі жетілдірілуде.

Шараның қорытындысы бойынша, қатысушылар тиісті ұсыныстарын айтысты.

 

 

Барлық жаңалықтар