• Басты
  • Қазақстанда сұйытылған газды сату үшін электронды сауда алаңы енгізіледі
10 Сәуір, 2017 18:36

Қазақстанда сұйытылған газды сату үшін электронды сауда алаңы енгізіледі

Қазақстанда сұйытылған газды саудаға шығару үшін электронды сауда алаңы енгізіледі. Бұл туралы ҚР ЭМ Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев баспасөз конференциясында.
Қазақстанда сұйытылған газды сату үшін электронды сауда алаңы енгізіледі | Strategy2050.kz

З.Қияқбаевтың айтуынша,  сұйытылған мұнай газын саудалау үшін енгізілетін Электронды сауда алаңы үш кезеңнен тұрады.

«Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына жаңа нормалар енгізу; екінші деңгей – электронды сауда алаңында сауданың жалпы қағидаларын бекіту. Яғни, «Электронды сауда алаңындағы сауда қағидаларын» бекіту туралы» Энергетика министрлігінің бұйрығы бекітілетін болады. Үшінші деңгей – сауда операторының ішкі құжаттарын әзірлеу немесе қатысушыларға талаптар қойылады және егжей-тегжейлі қағидалар мен регламенттер әзірленеді», - деді  З.Қияқбаев.

Оның айтуынша, жоғарыда көрсетілген тетіктерді енгізу ең алдымен ішкі нарықта сұйытылған газға баға белгілеуді тұрақтандыруға мүмкіндік береді, сұйытылған газ өндірушілері үшін экономиканы жақсартады және еліміздің ішкі нарығын экономикалық тұрғыда тартымды етеді. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы көк отынға тапшылықты жояды

«2017 жылдың 1-ші тоқсанынан бастап ҚР Энергетика министрлігінің СМГ белгілеген көтерме бағасы ҚҚС-ны қоспағанда тоннасына 28 мың теңгені құрайды. Шекаралас елдердегі көтерме баға ҚР Энергетика министрлігі белгілеген бағадан айтарлықтай жоғары. Ресейде нарықтаға орташа баға ҚҚС-ны қосқанда тоннасына 125 000 теңге, Тәжікстанда ҚҚС-ны қосқанда тоннасына 107 100 теңге, ал Қазақстанда белгіленген көтерме сауда бағасы ҚҚС-ны қосқанда тоннасына 31 360 теңге құрайды», - деді хабарлады З.Қияқбаев.

Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры мәлімдегендей, сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны Қазгермұнайда – тоннасына 43,4 мың теңгені, Қазақойл-Ақтөбеде – тоннасына 48 мың теңгені, CNPC-да – тоннасына 38,6 мың теңгені, ҚазГӨЗ-де – тоннасына 32 мың теңгені, KazFrac-та – тоннасына 47 мың теңгені құрайды.

«Әлбетте, өндірудің өзіндік құны өткізудің көтерме сауда бағасынан айтарлықтай жоғары.   Зауыттар елеулі шығындарға ұшыраған кезде, газ желісі ұйымының маржасы жоғары. Еліміздің оңтүстігінде бөлшектеп сатқаннан маржа 51% құрайды (бөлшек сауда бағасы тоннасына 109 800 теңге), солтүстікте 45% (93 000 теңге), батыста 51% (78 600 теңге), шығыста 44 % (92 000 теңге)»,- деп түсіндірді З.Қияқбаев.

Сонымен қатар ол атап өткендей, Қазақстандағы және шекаралас елдердегі бағаның арасындағы айтарлықтай айырмашылық сұйытылған отынның заңсыз сыртқа шығарылуына алып келетіндігін айтуға болады, ал сұйытылған газды ішкі нарыққа тасымалдау өндірушілер үшін шығынды. Сонымен қатар бөлшек сауда бағасы жоғары болғандықтан төмен көтерме сауда бағасын қолданудан әлеуметтік әсер болмайды.

«Сұйытылған газды өткізу үшін электронды сауда алаңын енгізу ҚР Энергетика министрлігі технологиялық жаңаруының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы арқылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес газ саласының жеделдетілген технологиялық жаңғыруы бойынша салалық міндеттердің кешені шешілетін болады»,- деп түйді З.Қияқбаев.

Қайрат Жандыбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды