- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Израильге сиыр мен қой етін экспорттайды
Қазақстан Израильге сиыр мен қой етін экспорттайды
Екі тарап Қазақстан өнімдерін Израильге экспорттау мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, Израильде қой еті (кеудесі мен құйрық майы), жұмыртқа және өзге де өнімдерге қажеттілік бар. Екі жақты келісімнің ендігі кезеңі бұл өнімдерге қатысты ветеринариялық талаптар мен стандарттар мәселелеріне тіреліп тұр.
«Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өнімдеріміздің мүмкіндігі аталмыш сапар аясында жоғары қызығушылық тудырды. Қазақстан мен Израиль министрліктерінің кездесуінде Израиль өз нарығына қазақстандық еттің жеткізілуіне үлкен қызығушылық танытты. Сиыр еті мен қой еті сұранысқа ие. Бүгінгі таңда қой еті Австралиядан келіп түседі, ол қатқан түрде жеткізіледі. Нарықта сиыр мен қойдың таза еті аз кездеседі», - деді «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.
Оның айтуынша, Израиль сұранысқа ие құс жұмыртқасының жеткізілуіне қызығушылық танытып отыр.
«Аталмыш мәселені израильдік әріптестермен талқыладық. Үлкен қызығушылық қой етіне туып отыр. Егер біз ол жерге қатпаған ет жеткізсек, бізде бәсеке болмайды. Баға да жоғары әрі тиімді болады», - деді ол.
Төраға орынбасарының айтуынша, сауда нарығында 1 келі ет 22-25 доллар көлемінде айналады. Қазақстан ішіндегі көтерме баға келісіне 2-3долларды құрап отыр. Қазақстандық тарап логистика мен жеткізуді де ескереді.
«Біз ең қымбат әуе көлігін алғанның өзінде тасымал құны 2 доларды құрайды. Салқындатылған етті ұзақ уақыт ұстай алмаймыз. Себебі, ол тез бүлінеді. Атап айтсақ, қой етінің өз құны Израильге шықса 5 долларды құрайтын болады. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін өте қолайлы баға», - деді Н.Әлтаев.
Ветеренарияға келетін болсақ, израильдік тарап ветеринарлық қызметке талапты күшті қояды.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды