Денсаулық пойыздары сәуірдің ортасында Қазақстан бойынша сапарға шығады

10 Сәуір, 2017 18:57
«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойыздарының жұмысы сәуірдің ортасында басталады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде мәлім болды.

Жобаның арқасында станциялар мен оларға іргелес жатқан елді мекендердің халқы науқастың алдын алу үшін медициналық алдын ала  тексеруден өтеді, қажетті алғашқы көмек, кәсіби консультация мен әрі қарай емделу үшін жақын орналасқан медициналық орталықтарға жолдамалар алады.

Дәрігерлер бригадасының құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, лор, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты негізгі бағыт мамандары бар.

Медициналық пойыз қызметтерін Қазақстанның шалғайдағы елді мекендерінің медициналық көмекке мұқтаж тұрғындары, теміржол қызметкерлері мен зейнеткерлер және олардың отбасы мүшелері пайдалануға мүмкіндіктері бар.

 «Халыққа арналған медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыру – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Мамандандырылған медициналық пойыздар бірнеше жыл богйына шалғайдағы аудандар халықтарының өз денсаулықтарына күтім жасауларына көмектесіп, осы мәселені жемісті шешіп келеді.

 2010 жылдан бері медициналық пойыздар мамандары 1052 станция тұрғындарын қарады, бұл 300 мыңнан астам адам, олардың ішінде үштен бірі – балалар.

Көліктік медицинаның дамуына орай, көптеген пациенттер ұзақ жылдар ішінде дәрігерлер қарауына алғаш рет келді. Аурудың алдын алған дәрігерлер созылмалы, қатерлі ісіктер мен туберкулездің басталған мезетін айқындап алуы маңызды».

 

 

Барлық жаңалықтар