- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында ақындардың республикалық айтысы өтті
Жамбыл облысында ақындардың республикалық айтысы өтті
10 Сәуір, 2017 20:42
Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында «Туған жер – тал бесігім!» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сөз додасына Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл облыстары мен Астана қаласынан 20 ақын қатысып, шашасына шаң жұқпаған ақындар ұлттық өнерді ұлықтады.
Бір күн бойы «Баласағұн» сарайында көрермен мен тыңдарманын ерекше думанға бөлеген айтыстың бас жүлдесін жамбылдық жас ақын Дархан Әбдіманап иеленді.
Жүлделі бірінші орын қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Жамбыл облысының дүлділі Нұрлыбек Құрмановқа бұйырды. Ал, екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының ақыны Рүстем Қайыртайұлы мен жамбылдық ақын Алтынкүл Қасымбекова лайық деп танылды.
Үшінші орынды елімізге белгілі азулы ақындар Айбек Қалиев пен Нұрмат Мансуров өзара бөлісті.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті