- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрлігі ҚР медициналық ЖОО оқытушыларының білімін бағалайды
Денсаулық сақтау министрлігі ҚР медициналық ЖОО оқытушыларының білімін бағалайды
ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан тыс жалпы білім сапасын тәуелсіз бағалаудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы медицина саласында жоғары деңгейде білім беретін мекемелердің оқыту сапасын анықтау және халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылдау.
«Бағалауға резидентура бағдарламасы бойынша медицина саласының мамандарын дайындайтын мемлекеттік және жеке ЖОО қатысады.Мұғалімдердің білімін тәуелсіз бағалау 2017 жылдың 26-28 сәуір аралығында өтеді. Тәуелсіз бағалауға медицина саласындағы 9 жоғары оқу орындары қатысады», - делінген хабарламада.
Педагогикалық құзыреттілік 5 бағыт бойынша бағаланады: кәсіби маман, көшбасшы/ұйымдастырушы, тиімді мұғалім, зерттеуші/ғалым,коммуникативтік дағдылар.
Кешенді компьютерлік тестілеу педагогтардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік береді және олардың пән бойынша теориялық дайындықтарының деңгейін анықтап қана қоймай, жалпы білім берудің тиімділігін бағалауға негізделеді. ЖОО оқытушыларын бағалау мемлекеттік тапсырыс (грант) аясында жоғары оқу орындары ұсынған білім беру қызметтерінің сапасын салыстырмалы түрде талдауға мүмкіндік береді.
Тексерудің нәтижесі бойынша оқытушылар үшін кәсіби және педагогикалық құзіреттілікті дамыту жеке жоспары жасалып, педагогтардың білімін әрі қарай жетілдіру мақсатында Назарбаев университеті, ҚР медициналық ЖОО-ның жетекші шетелдік әріптес-университеттеріне шетел мамандары шақырылатын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді