- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО ЭКСПО–2017 көрмесіне 10 тонна балмұздақ жеткізеді
ОҚО ЭКСПО–2017 көрмесіне 10 тонна балмұздақ жеткізеді
Бұл ауқымды iс-шараға түрлi өңiрлердiң кәсiпкерлерi де әзiрленiп жатыр. Шетелдiк қонақтар мен отандастарымыз Елорда төрiнде тек ғылыми жетiстiктердi көрiп қана қоймай, қазақстандық өндiрушiлердiң азық-түлiк өнiмдерiн де тұтынады. Сол компаниялардың арасында облысымыздағы балмұздақ шығаратын екi кәсiпорын бар.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлiметiне сүйенсек, көрмеге орай Астанаға «Балмұздақ» және «Азия холод» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерi мамыр айында 5 тоннадан, жалпы, 10 тоннадай балмұздақ жiбередi.
Сұранысқа байланысты жоспар өзгерiп, балмұздақ көлемi артуы да, кемуi де мүмкiн. Таяуда қос компанияға басқармадан ресми хат жолданып, жоспар жасалды. Ең бастысы, отандық тауар өндiрушiлердiң «ЭКСПО–2017» көрмесiне көптеп шақырылуы бiздiң кәсiпкерлер үшiн өте тиiмдi.
Көрменi ұйымдастырушылардың таңдауы бұл компанияларға бекер түсiп отырған жоқ. Төлеби ауданында орналасқан «Балмұздақ» ЖШС-нiң өнiмдерi сапасы мен тiл үйiрер дәмi арқылы талайларды тамсандырып үлгерген. 1987 жылы ашылған «Балмұздақ» ЖШС тәуелсiздiк алғаннан кейiн қанатын кеңге жайып, өнiм көлемi арта түстi.
Елiмiздiң бiрнеше облысының нарығын жаулаған төлебилiктер көршiлес Қырғызстанға да балмұздақ жiберген. «Азия холод» ЖШС де бүгiнде өз өнiмдерiмен жұртшылыққа ұнап жүр. Шымкенттiң балмұздағына сұраныс жоғары.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
COVID-19: Вакцина вирустан 100% қорғай ма -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты