- Басты
- Жаңалықтар
- Грекия Қазақстаннан туристерді тартуға қызығушылық танытуда
Грекия Қазақстаннан туристерді тартуға қызығушылық танытуда
Кездесу барысында екі ел арасында логистикалық және көлік байланыстарын орнату және дамыту мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған туризм саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.
А. Волков өз сөзінде Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтетіні туралы және оған әлемнің, соның ішінде Грекияның туристік, сараптамалық және саяси топ өкілдері қатысатыны жөнінде еске салды.
Сондай-ақ елші гректерді Қазақстан спорттық және экологиялық туризм, ландшафт түрлері, қозғалмаған және қорық аймақтары жағынан қызықтыратынын да айтып өтті. Қазақстандық дипломат 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Грекия азаматтары үшін біздің елімізге кіру үшін күнтізбелік 30 күнге дейін визасыз режим қолданылатынын да еске салды.
Е. Кундура өз кезегінде қазақстандық туристерді теңізде отбасымен демалу үшін ғана емес, сонымен қатар медициналық, сауықтыру, танымдық және діни туризм жүргізу үшін де тартуға қызығушылық білдірді. Ол Қазақстанда тұратын көп санды грек диаспорасы достық қарым-қатынастарды дамыту көпіріне айналуы мүмкін екенін атап өтті.
Министр өзара қызығушылықты ескере отырып, ведомствоаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау және тиісті Меморандумға қол қою үшін жуық арада Қазақстанға келуге дайын екенін білдірді.
-
Биыл Алматыға келетін туристердің саны азайды -
Жапония Қазақстаннан жылқы етін сатып алады -
Жұмысқа деген қызығушылық басым болу керек, онсыз қиын болады – Ж.Ташмаханова -
Бас прокуратура қазақстандықтарды заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырды -
"Рухани жаңғыру" бағдарламасына қызығушылық артып келеді - саясаттанушы -
Ж.Бекшин: Қазақстандықтарды уақытша Қытайға барудан бас тартуға шақырамыз -
Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерді тартуға арналған квота 40%-ға қысқартылды -
Қазақстаннан үйренеріміз өте көп - Mr. Govind Singh Dotasra -
Туристерді бәсекеге қабілетті баға болғанда ғана тарта аламыз -
«Атамекен» ҰКП Астана бизнесіне 5,5 млрд теңгеден астам қаржы тартуға көмектесті -
Қазақстаннан Өзбекстанға жүретін жолаушылар автобусы іске қосылды -
Астаналықтарды полиэтиленді пакетінен бас тартуға шақыруда -
Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға оң қызығушылық байқалады -
Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 62 спортшы қатысады -
Ресейдің бизнес қауымдастығы АХҚО жұмысына үлкен қызығушылық танытып отыр