Қазақстанның көліктік-транзиттік мүмкіндіктері Румынияда таныстырылды

10 Сәуір, 2017 16:27
Констанца қаласында өткен «Жібек жолындағы Констанца порты» халықаралық конференциясы шеңберінде Қазақстанның Елшілігі еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетінің, соның ішінде Қазақстанның көліктік инфрақұрылымы мен логистикасының таныстыру рәсімін өткізді.

Шарада  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» және «Нұрлы жол» бағдарламаларына сәйкес стратегиялық мақсаттарды іске асыру турасы талқыланды.

Сондай-ақ, Констанца теңіз порты әкімшілігі, Порттың іскерлік және  румындық «Жібек жолы» қауымдастықтарымен ұйымдастырылды.

Конференцияда мемлекеттік органдар мен жергілікті биліктің, дипломатиялық корпустың, Румынияның іскерлік топтардың, БАҚ және академиялық қауымдастығының өкілдері қатысты.

Іс-шара қатысушылары Транскаспий халықаралық көлік маршрутының артықшылықтарымен, Ақтау халықаралық теңіз портының және «Хоргос» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының» мүмкіндіктерімен таныстырылды.

Интерактивті талқылаулар барысында конференция қатысушылары Жаңа Жібек жолы бойымен сауда-экономикалық өзара әрекеттесуді ұлғайтудың келешектігін айтып, Қазақстанның көліктік-транзиттік артықшылықтарын атап өтті.

Барлық жаңалықтар