• Басты
  • Астананың мемлекеттік балабақшаларында жолдамалардың электрондық жүйесі іске қосылды

Астананың мемлекеттік балабақшаларында жолдамалардың электрондық жүйесі іске қосылды

10 Сәуір, 2017 15:42
Астананың барлық мемлекеттік балабақшаларында жолдамаларды электрондық жүйесі іске қосылды, деп хабарлады елордалық білім басқармасы.

Бүгінде Астанада түрлі үлгідегі 261 мектепке дейінгі мекеме бар. Онда тәрбиеленетін балалардың жалпы саны – 48 154 детей. Соның ішінде:мемлекеттік – 95, онда 27 193 бала қамтылған;ведомстволық  – 2, онда 383 бала қамтылған;жекеменшік – 116, онда 14 854 бала қамтылған, 95 мекемеде 8 949 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған;шағын орталықтар – 48, онда 5 724 бала қамтылған.

«2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мектепке дейінгі мекемен орын алу кезегінде 3-тен 6 жасқа дейінгі 33 240 бала тіркелген», - делінген хабарламада.

Кезекке күнделікті түрде 100-ден астам бала қойылады. Бала туу және көші-қон   көрсеткіштерінің жоғарылауы есебінен мектепке дейінгі жастағы балалардың саны көбейді. Мәселен, мектепке дейінгі жастағы балалардың контингенті 2010 жылмен салыстырғанда 7 есе артқан.

Астанада www.e.astana.kz порталы арқылы өтініш жолдау және кезекті қарау мүмкіндігімен қатар жолдамаларды автоматты түрде беру жүйесі іске қосылған.

10 сәуірден бастап Астананың барлық мемлекеттік балабақшаларына жолдамалар электрондық түрде беріледі. Егер өтініш берушілердің балалары 2015 жылы дүниеге келсе, олар үшін 10 сәуірден, тиісінше 2014 – 12 сәуірден, 2013 – 18 сәуірден, 2012 – 21 сәуірден, 2011 – 25 сәуірден бастап мемлекеттік балабақшаға жолдаманы алуға мүмкіндік бар.

Әрбір туған жыл үшін мемлекеттік балабақшаларға жолдамалардың берілуін күту мерзімі Пайдаланушыларға ескертпе жолданған сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды. Себебі ата-аналарда  электрондық қызметтерді алуда қиындықтар туындауы ықтимал: Интернеттегі ақаулар, NCLayer бағдарламасын орнатудағы қиындықтар, электронды сандық қолтаңбаның жоқтығы, жеке кабинетте байланыс мәліметтерінің болмауы және т.б.

Стандартқа сәйкес ата-ана қолына алған (бұған дейінгі жылдардағыдай) жолдаманы берілген күннен бастап 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға ұсынуы тиіс.

Биыл елордалық мемлекеттік балабақшаларда 6310 орын босайды. Оның барлығы қатаң түрде тек кезекке сәйкес бөлінеді: 1240-cі 2015 жылы туған балаларға, 2233-сі 2014 жылғы, 1340-ы 2013 жылғы, 1111-і 2012 жылғы, 386-ы 2011 жылғы балаларға қарастырылған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы  Қазақстан халқына арналған Жолдауында мемлекет-жекеменшік әріптестік аясын кеңейту кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік беретіні баса айтылған. Оның арқасында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтуға жол ашылады.

Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақшалар бойынша 1680 орынға шақталған 6 жоба жүзеге асырылуда.  Балабақшалардың құрылысы бойынша жеке серіктестерді анықтау конкурсы өткізілді. Олардың құрылысы 2019 жылы аяқталады деп жоспарланған.2017 жылға дейін Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ұлттық компаниялармен 720 орынға арналған 3 балабақшаның құрылысы аяқталады.

 

Барлық жаңалықтар