- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Ақмола облысында БЖК-2020 бағдарламасы аясында 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Биыл Ақмола облысында БЖК-2020 бағдарламасы аясында 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Степногорск әкімдігінің ақпараты бойынша бүгінде қалада 4 282 кәсіпкерлік нысаны тіркелген, оның 3 555-і жұмыс істеп тұр.
А. Қайнарбеков Мемлекет басшысы 2050 жылға дейін шағын және орта бизнес есебінен Қазақстан экономикасында ЖІӨ-нің 50%-ына қол жеткізу бойынша Үкімет пен өңірлер алдына нақты міндеттер қойғанын еске салды.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов облыс пен қаладағы шағын және орта бизнестің толық әрі жан-жақты талдауын ұсынды. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы мен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының өңірдегі шағын бизнесті дамытуды қолдау мен ынталандырудағы маңызды рөлін атап өтті.
«БЖК-2020 бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері Ақмола облысына 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Степногорск өңірлер бағдарламасына белсенді қатысушылардың бірі – осы уақыт ішінде 5 526 жаңа жұмыс орны ашылды, бюджетке 14 млрд теңгеден астам салық пен басқа да төлемдер түсті. БЖК-2020 бағдарламасы аясында Ақмола облысына 2017 жылға 1 млрд 212 млн теңге сомасында қаражат, соның ішінде 1 млрд 2 млн теңге мөлшерінде субсидиялар, 170 млн теңге мөлшерінде несиелердің ішінара кепілдемелері және 40 млн теңге мөлшерінде гранттар бөлінген», – деп ақпараттандырды Е. Оспанов.
Оның айтуы бойынша, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында – 679,8 млн теңге, соның ішінде қалалар мен моноқалаларда шағын несиелендіруге – 590,8 млн теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 18,1 млн теңге, шағын несиелерді кепілдендіруге 70,9 млн теңге бөлінген.
Бұдан әрі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы облыс пен қалада ШОБ қолдау құралдарын нақтылады.
Семинар-кеңестің екінші жартысында қатысып отырған қала кәсіпкерлері ШОБ тексеру рәсімі мен оның ұйымдастырылуына, шағын несиелер алу және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау механизміне, бизнес ашу және оны одан әрі кеңейтуге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты