- Басты
- Жаңалықтар
- Астана – Павлодар көлік жолының 390 шақырымы жыл соңына дейін қайта құрылмақ
Астана – Павлодар көлік жолының 390 шақырымы жыл соңына дейін қайта құрылмақ
«Өткен жылы жалпы ұзақтығы 275 км құрайтын 6 жолақты жолдың бірінші санаттары Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай учаскелерін қайта құру аяқталды. Ағымдағы жылы жалпы ұзақтығы 14 км Теміртау-Қарағанды учаскесінде жұмыс басталып кетті. Біз жолды биыл толық тапсырып, ал келесі жылы абаттандыруды аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Ж. Қасымбек.
Министрдің мәліметі бойынша, биыл халықаралық ұйымдар желісі бойынша жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен бірігіп қаржыландыру көзделген, осы жобалар бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында басталмақ. Министрлік барлық жолдарды 2020 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
«Банктердің конкурстық рәсімдер өткізуі уақытында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінде пайда болған үнемдеу есебінен келесі жылдан бастап ұзақтығы 297 км болатын Балқаш – Бурылбайтал көлік жолын қайта құруды бастағалы жатырмыз», – деді министр.
Сондай-ақ «Орталық-Оңтүстік» дәлізінің ұзақтығы 403 км Қарағанды-Балқаш және ұзақтығы 67 км Құрты-Қапшағай учаскелері бойынша жұмыстар 2019 жылы басталады.
«Орталық - Шығыс» жобасы белсенді іске асырылу үстінде. Ұзақтығы 441 км болатын Астана-Павлодар учаскесінде өткен жылы 59 км жол, соның ішінде Ертіс өзені арқылы өтетін 12 км көпір өткелі ашылды, бұл Орталық Азиядағы ең ірі көпір», – деп ақпараттандырды ведомство басшысы.
Биыл құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін 88 млрд теңге мөлшерінде қаражат көзделген және жыл қорытындылары бойынша Астана-Павлодар көлік жолының 390 шақырымында жол жүру қамтамасыз етілетін болады.
«Ұзақтығы 473 км Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі бойынша Семей-Қалбатау учаскесінде 171 км пайдалануға берілді. Жалғыз учаске қалды, біз оны биыл аяқтаймыз, яғни Семей – Қалбатау учаскесі 2017 жылы толығымен тапсырылатын болады», – деді ол.
Павлодар – Семей – Қалбатау жолын келесі жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Министр атап өткендей, Семей – Қалбатау – 2017 жылы, ал Павлодар – Семей келесі жылы аяқталмақ.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі