• Басты
  • Ақтөбе облысында сұйылтылған газ бағасы 25 %-ға төмендеді
10 Сәуір, 2017 12:31

Ақтөбе облысында сұйылтылған газ бағасы 25 %-ға төмендеді

Ақтөбе облысының əкімі Б.М.Сапарбаевтың тапсырмасымен өңірдегі жанармай бекеттерінде сұйылтылған газ тапшылығын жою бойынша жедел штаб құрылды. Штабты басқару облыс əкімінің орынбасары Қ.Ə.Бекеновке тапсырылды, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.
Ақтөбе облысында сұйылтылған газ бағасы 25 %-ға төмендеді | Strategy2050.kz

Штабтың құрамында ҚР Энергетика министрлігі, облыс əкімдігі, құқық қорғау жəне қадағалау органдары, "СНПС Ақтөбемұнайгаз" ЖШС өкілдері, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС, газ комнанияларының бірлестіктері, газ құю бекеттерінің басшылары, облыстағы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері бар.

Штаб өз жұмысына екі апта бұрын кіріскен болатын. Осы уақыт аралығында сұйылтылған газды жеткізудің өндірушіден бастап газ құю бекеттеріне дейінгі барлық тізбегі тексерілді, газдың нақты құны анықталып, бағасын белгілеу құрылымы зерттелді. Нəтидесінде отынның бөлшек саудадағы бағасы 25 % төмендеп, бір литрдің құны 55 теңгеден 41 теңгеге дейін түсті. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сəуір айында сұйылтылған газ көлемі 2000 тоннаға өсіп, 7200 тоннаны құрады.

"Сұйылтылған газ тапшылығының шиеленісті төмендеп, отынның бөлшек саудадағы бағасы түсті. Қазіргі таңда сұйылтылған газдың жанармай бекеттерінде оңтайлы бағамен жүзеге асырылып жатқандығын айтқым келеді. Газ бағасына тасымалдау, сақтау, сонымен қатар, өтемпұлдық шығындар салықтар, еңбекке төлем жасау қоры кіріп, көбінесе сатып алу құнының 90 пайызын құрайды. Біз жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Бастысы - тапшылықтың қалыптасуына əсер еткен негізгі мəселелерді жою бойынша шаралар анықталып, қабылдануда. Соның ішінде көлеңкелі бизнес пен əкімшілік тосқауылдар, делдалдардың ұзын-сонар тізбегі",-деп атап өтті штаб басшысы, облыс əкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Жедел штаб тəулік бойы жұмыс жасайды. Штаб мүшелері тұрақты негізде зауыттан Автокөлікке газ құю бекетіне дейінгі жеткізуге үнемі бақылау жүргізеді, сұйылтылған газдың бар-жоғы мен бағасына мониторинг жүргізу үшін қала мен облыстағы газ құю бекеттеріне шығып тұрады. Бүгінде Ақтөбе қаласында газды 30 жанармай бекеті жүзеге асырып отыр. Күн сайын өңірдегі Автокөлікке газ құю бекетіне 210 тонна, соның ішінде облыс орталығындағы Автокөлікке газ құю бекетіне 180 тонна жанармай түседі. Қайрат Бекеновтың сөзінше бұл көлем сұйылтылған газге деген ішкі қажеттілікті толықтай қанағаттандырады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды