- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі үздік армия спортшыларымен кездесті
ҚР Қорғаныс министрі үздік армия спортшыларымен кездесті
Қорғаныс ведомствосының басшысы АОСК штаттық командаларының бірқатар спортшыларына, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кезекті әскери атақ беріп, құрмет грамоталарын табыс етті.
«Жылдан жылға байрақты бәсекеде медаль қоржынын толтырып, Қазақстанның туын көкке желбіретіп, еліміз бен Қарулы Күштердің намысын қорғап жүрсіздер. Бүгінде Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің дене даярлығына айрықша көңіл бөлуде. Бұл өз жемісін беруде және спорттық нәтижелерге жетуіміздің бірден-бір себебі. Қарулы Күштердегі спорт алға қарай ілгерілеп қадам басып келеді. Мен болашақта біз осы қалпымыздан таймаймыз деп үміттенемін», - деді ол спортшыларға.
Қорғаныс министрімен салтанатты кездесуге қатысқан спортшылардың қатарында Қазақстанның мықты құзға өрмелеушілері кіші сержант Артем мен Никита Девятериковтар, VII қысқы Азиада ойындарының биатлоннан чемпионы кіші сержант Ян Савицкий, ХХVIII қысқы бүкіләлемдік универсиада чемпионы, биатлоншы сержант Алина Райкова, спорттық бағдарлауда ІІІ қысқы Бүкәлемдік әскери ойындардың жеңімпазы сержант Эльмира Молдашева болды.
«Барлық спортшылардың атынан Сізге және АОСК-ның басшылығына бізге көрсетіп жатқан қолдауларыңызға алғыс білдіремін. Осының арқасында біз нәтижелер мен жеңіске қол жеткізіп отырмыз. Біз еліміздің Қарулы Күштерінде қызмет етіп жүргенімізді мақтан етеміз және «Армиялық спорттың туы көкке желбіресін!» атты клубтық ұранға әрқашан адал болуға міндеттенеміз, - деп биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері сержант Алина Райкова атап өтті.
Бүгінгі таңда Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубында спорттың әскери-қолданбалы түрі бойынша үш команда және олимпиада түрлері бойынша 15 команда бар.
Әскери спортшылар республикалық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтижелер мен керемет дене даярлықтарын паш ете отырып, әлемдік аренада Қазақстан мен еліміздің Қарулы Күштерін лайықты деңгейде танытып жүр.
Ағымдағы жылдың басынан АОСК-ның 100-ден аса спортшысы республикалық және халықаралық деңгейдегі 17 сайысқа қатысты. Онда олар әртүрлі дәрежедегі 70-тен аса медальді жеңіп алды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар