- Басты
- Жаңалықтар
- ТМД-ның СІМ басшылары Экономикалық сотты реформалауды мақұлдады
ТМД-ның СІМ басшылары Экономикалық сотты реформалауды мақұлдады
ҚР СІМ хабарлағандай, келелі отырыс барысында сыртқы істер ведомстволарының басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың қазанында Бұрабайда өткен ТМД саммитінде Достастықты заманауи шындыққа бейімдеу туралы мәлімдемесін дамыту үшін бірқатар маңызды құжаттарды мақұлдады.
Сонымен, ТМД Экономикалық сотын реформалау ұсынысы мақұлданды. Достастықтың бұл органы ендігі кезекте «ad hoc» принціпі бойынша жұмыс істейтін болды, демек бюджет қаржысын үнемдеу үшін аппаратта жұмыс істейтін қызметкерлер саны қысқартылады.
Сонымен қатар, делегация басшылары құқық қорғау саласында да бірқатар құжаттарды мақұлдады. Министрлер бекіткен шаралар кешені аталмыш саладағы ТМД елдерінің құқық қорғау, ұйымдастырушылық және ақараттық-сараптамалық мәселелер бойынша қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған.
СІМК қатысушылары дәстүр бойынша мәдени-гуманитарлық достастық мәселелерін де талқылады. Айта кетерлік жайт, қатысушылар «Достастықтың мәдени астаналары» жобасын бір ауыздан мақұлдап, 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы ретінде Шымкент қаласын белгіледі. 2018 бұл мәртебеге армениялық Горис, ал 2019 жылы Беларусияның Брест қаласы ие болады. Бұған дейін Достастықтың мәдени астанасы болып 2012 жылы Астана және 2014 жылы Алматы қалалары қызмет атқарған.
ТМД-ның СІМ басшылары Экономикалық сотты реформалау мәселесін мақұлдады
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Ташкентте (Өзбекстан) өткен Тәуелсіз мемлекеттер достығы сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
ҚР СІМ хабарлағандай, келелі отырыс барысында сыртқы істер ведомстволарының басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың қазанында Бұрабайда өткен ТМД саммитінде Достастықты заманауи шындыққа бейімдеу туралы мәлімдемесін дамыту үшін бірқатар маңызды құжаттарды мақұлдады.
Сонымен, ТМД Экономикалық сотын реформалау ұсынысы мақұлданды. Достастықтың бұл органы ендігі кезекте «ad hoc» принціпі бойынша жұмыс істейтін болды, демек бюджет қаржысын үнемдеу үшін аппаратта жұмыс істейтін қызметкерлер саны қысқартылады.
Сонымен қатар, делегация басшылары құқық қорғау саласында да бірқатар құжаттарды мақұлдады. Министрлер бекіткен шаралар кешені аталмыш саладағы ТМД елдерінің құқық қорғау, ұйымдастырушылық және ақараттық-сараптамалық мәселелер бойынша қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған.
СІМК қатысушылары дәстүр бойынша мәдени-гуманитарлық достастық мәселелерін де талқылады. Айта кетерлік жайт, қатысушылар «Достастықтың мәдени астаналары» жобасын бір ауыздан мақұлдап, 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы ретінде Шымкент қаласын белгіледі. 2018 бұл мәртебеге армениялық Горис, ал 2019 жылы Беларусияның Брест қаласы ие болады. Бұған дейін Достастықтың мәдени астанасы болып 2012 жылы Астана және 2014 жылы Алматы қалалары қызмет атқарған.
Ведомствоның ақпараты бойынша, сыртқы саясат ведомстволарының басшылары аймақтық және жаһандық күнтәртібіндегі аса маңызды мәселелерге де тақталды. Қ. Абдрахманов әріптестерін Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіз кеңесінің тұрақты емес мүшесі постында алғашқы 100 күнде атқарған жұмысы туралы хабардар етті.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша христиандарға, мұсылмандарға және де өзге конфессия өкілдеріне қатысты кемсіту және олармен есептеспеуге рұқсат етілмейтіні туралы Мәлімдемені қабылдады. Мәлімдемеде жаһандық дінаралық диалогта нақты жұмыс істейтін платформаға айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезінің ролі ерекше аталып өтті.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы