• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мырзахметов израильдік ауыл шаруашылығы компанияларының жұмысымен танысты

А.Мырзахметов израильдік ауыл шаруашылығы компанияларының жұмысымен танысты

8 Сәуір, 2017 10:49
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов су ресурстарын басқару және унемдеу бойынша жұмыс істейтін «Gevat-Haviva Rezervoir» компаниясының тіршілігімен танысты, деп хабарлады ҚР АШМ.

Аталмыш компания суды тазартумен және сол суды егін суаруда пайдаланумен айналысады. 

Сонымен қатар вице-премьер отбасылық сүт фермасымен және Мошав Нитсаней Оз  шағын ірімшік қайтанатын өндіріс орнымен танысты. Шағын фермаларда сүт және сүт өнімдері өндіріледі, сондай-ақ дүкендерге жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы тапсырмасына сәйкес ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы Израиль мемлекетіне жұмыс сапарымен барды. Жақында ғана екі елдің сала басшылары 2017-2018 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасу бойынша Жол картасына қол қойды. 

Барлық жаңалықтар